Вторник, 03.12.2024, 23:28
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Главная » 2015 » Декабрь » 14 » «Балалар әлемінің елшісі»
09:21
«Балалар әлемінің елшісі»

  Шын жазушылық өнер – 
                                                                      А0сыл да, ауыр өнер…
                                                                      Ө.Тұрманжанов

24 қараша – балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, көрнекті қаламгер Сапарғали Бегалиннің дүниеге келген күні. Осыған орай орталық қалалық кітапхана оқушыларды Сапарғали Бегалиннің өмірі және шығармашылығымен таныстырып, әдеби туындыларын насихаттау, ой-өрісін дамыту, елін, жерін қорғауға бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды жүйелі түрде көркем шығарма оқуға баулу мақсатында іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында С.И.Бегалиннің өмір жолы туралы баяндап, әңгіме, өлең, поэма, пьесаларын атап өтті. Кітапханашының әңгімесі видео көрсетілімімен жалғасты. Оқушыларға кітап көрмесіне қойылған жазушының шығармалары ұсынылды.
Кітапханашы шолу барысында Бегалиннің әңгімелеріндегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және табиғатының ерекшелігін, белдері қатпай еңбекке ерте араласқан балалардың тағдыры туралы айтып өтті. Бос уақыттарын қалай тиімді пайдалана білгендерін де, әңгімеге арқау етті. «Сәтжан», «Сымбатты Сима» әңгімелері және «Шоқан асулары» повесі бойынша әдеби викторинаға жастар үздік жауап берді.
 
                                                     

Жалпы, Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аң аулауды, мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін атасақ, екінші  топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді.  Ал табиғатты қорғау, балалардың жан-жануарларға деген қамқорлығы, қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыратын «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында», «Хат», «Есеннің кірпісі» деген әңгімелері тағы бір топқа жинақталған. Жазушының көтерген  күрделі тақырыбы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаудағы қаһармандық күреске арналған. Бұған автордың «Тағы кездесті», «Машинист», «Жеткіншектер», «Киіксор» атты әңгімелері енген. Жазушы Бегалиннің тағы бір үлкен тақырыбы жас жеткіншектердің кейбір ұнамсыз мінез-қылықтарын, есірткен еркелердің олпы-солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етеді, өмірге икемсіздікті мінейді, соларды түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Бұған автордың «Ойламаған жүріс», «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр», «Сымбатты Сима» әңгімелері жатады. Жазушының  шығармаларынан өмірді терең таныған мол тәжірибесі көрініп отырады және бұның өзі жасөспірім жеткіншектерге үлгі-өнеге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар жазушы өз әңгімелерінде мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен тығыз байланыстырып, балаларды болашаққа, дұрыс бағытқа меңзейді. 

 Индира Арапбаева
Орталық қалалық кітапхана кітапханашысы

Просмотров: 1370 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]