17:18 Балалар болашағының білгірі | |
Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай ұлы ағартушының өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан-жақты таныстыра отырып, оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу мақсатында «Балалар болашағының білгірі» атты шолу-ойын өтті. Шараға қаланың колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты. Кітапханашы командаларға «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубының жалпы ережесімен, ойын қағидаларын таныстырды. Ыбырайдың өмірі мен балалық шағы, «Ыбырай – ұстаз», «Ыбырай – жазушы», «Ыбырай – ақын», «Ыбырай – аудармашы» бөлімдері бойынша қатысушыларға дәріс берілді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінен, аудармаларынан үзінділер оқыды. «Қоржыннан шыққан сұрақтар» бөлімінде әр команда қоржыннан Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарды алып жауап берді. «Ойашар» бөлімінде берілген тапсырмаларды сәйкестендірді. Тест, толықтыру тест, балама тест орындады. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінен көрініс те көрсетті. Қатысушылар Ыбырайдың кітаптарымен танысып, қараша айында болатын бірінші маусымдық ойынға дайындықтарын бастады. | |
Просмотров: 794 | Добавил: L@RA |
Всего комментариев: 0 | |