Четверг, 21.11.2024, 17:48
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Февраль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 18
Гостей: 18
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Февраль » 21 » «Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мұрасы»
10:27
«Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мұрасы»

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары.  Ұлттық ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі. Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақтың  ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» тақырыбында сайыс өткізілді. Орталық қалалық кітапхана «Атамекен» клубымен бірлесіп әр сенбі сайын түрлі іс-шаралар жүргізуде. «Атамекен» клубының мүшелері А.Косарев атындағы №9 орта мектептің 8-5-6-сынып оқушылары.

Жүргізуші сайысты бастамай тұрып, ең әуелі қазақтың ұлттық ойындары жайлы оқырмандарға мәлімет беріп, экраннан презентация көрсетті.

Сайыс 7 турдан тұрды. 1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін таныстыру); 2. Аударыспақ; 3. Ұшты-ұшты; 4. Теңге алу; 5. Асық ойыны; 6. Білектесу (қол күрес); 7. Мыршым-мыршым атты қазақтың ойын түрлері ойнатылды.

Сайысқа «Тұлпар», «Қыран»,  «Жұлдыз»,  «Қыздарики» топтары қатысты. Бұл сайысты әділ бағалаушы «Атамекен» клубының жетекшісі Бекзат Тұрғанбекқызы өз бағасын беріп, салт-дәстүрге байланысты қызықты сұрақ-жауап өткізді.                                                    

Осы берілген барлық турдан сүрінбей өтіп, 1-орынды алған «Қыран» тобы. Екінші орынды «Жұлдыз» тобы, үшінші орынды «Тұлпар» тобы, ал төртінші орынды «Қыздарики» тобы иеленді. Сайыс өте қызықты да, тартысты өтті.

Жүргізуші «Қазақтың ұлттық ойындары – халықтың мәдени мұрасы» атты салт-дәстүрге байланысты қойылған кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге «Бабаңнан саған не қалған». – Алматы 2003, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». – «Көшпенділер» баспасы Алматы 2004, «Наурызнама». – Алматы «Жалын» 1993 сынды т.б. кітаптар қойылды.

Шара соңында балар кітаптарды алып оқып, бір-бірімен ой бөлісті.                            

 

Орталық қалалық кітапхана

Қоғаммен байланыс әдіскері Арапбаева И.Ш.

 

Просмотров: 1600 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]