09:31 «Айтыс – қазақ өнері» | |
|
28 қыркүйекте орталық қалалық кітапханада ақпаратты-библиографиялық бөлімінде айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған «Айтыс – қазақ өнері» атты тақырыпты кеш өткізілді. Кеш қонақтары - тау-кен техникалық колледжінің 1,2 курс студенттері айтыс өнері, тарихы, айтыскер ақын Қ. Алтынбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы көптеген мәлімет алды. Қ. Алтынбаевқа қойылған ескерткіштің ашылу салтанатын бейне-роликтардан тамашалады. «Біржан мен Сара», жігіт пен қыз айтыстарынан үзінділер көріп, Жамбыл мен Айкүмістің айтыстарын оқыды. | |
| Просмотров: 793 | Добавил: natmay | |
| Всего комментариев: 0 | |



