Четверг, 09.05.2024, 04:03
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Март » 18 » Жарқыра, жайна Наурызым
16:34
Жарқыра, жайна Наурызым

Орталық қалалық кітапханада Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Жарқыра, жайна Наурызым» атты мереке Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өтті.

Мерекелік шараға кітапхана оқырмандары, №7 ОМ мектеп оқушылары, колледж студенттері және «Сырласу» клубы мүшелері қатысты. Шара барысында Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады. Жүргізушілер қонақтарды наурыз мерекесімен құттықтап, Наурыздың тарихы және қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы айтып өтті. №7 ОМ 7 «А» сынып қыздары, Идрисова Асима халық әндерін, ағалы-інілі Курбанбаев Арлан мен Тамерлан эстрадалық әндерін орындады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Рабиға апа көпшілікке батасын берді. Көрермендермен қазақтың ұлттық ойындары қол күрес пен асық ойыны «хан талапай» ойнатылды. Мерекеге келген әжелер қазақтың қонақ күту рәсімімен таныстырды.

 

 

 

Просмотров: 761 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]