Пятница, 03.05.2024, 13:57
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2012 » Март » 13 » Жаңа журналмен танысыңыздар!
16:10
Жаңа журналмен танысыңыздар!

Құрметті оқырман қауым!

Орталық қалалық кітапхана биылғы жылы «Иман» журналын жаздырып алды. «Иман» ай сайын шығатын діни – танымдық журнал. Кітапханаға бірінші, екінші сандары келіп түсті. Бұл сандардан сіздер қасиетті Құран аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадистерін, иманға ұйыған жамағаттың іштей, не жария оқуы туралы оқи аласыздар.

     Дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі «Мүбарак мәуліт» атты мақаласында Мәуліт туралы, бұл дәстүрдің шығу тарихымен оқырман қауымды таныстырады.

       Соңғы кездегі теріс ағымға түскен діншілдер мен жат пиғылды жандардың әрекеті кімге де болсын ой саларлықтай. Оларға тосқауыл қойып, жастарды теріс жолға түсуден сақтандыру үшін қандай шаралар қабылдап, не істеуіміз керек? Қазіргі ел алдында тұрған аса маңызды мәселе осы. Діни экстремизмге, бас бұзарлыққа тыйым болмаған елде тұрақтылықты сақтау қиын. Не істеу керек? Журналдың «Көкейтесті» айдарында Мұхан Исахан «Шиеленіскен діни ахуал: себеп пен салдар» атты мақаласында  елімізде болып жатқан діни дүрбелеңдер, ұлт зиялыларының діни сауатсыздығы, сапасыз оқулықтар, жалған дінтанушылар туралы азаматтық пікірлерімен  бөліседі.

     Заңгер – ғалым Алмас Жұмағали  «Ой салу» айдарында «Өзіңді өзің жаттай сыйла»  атты мақаласында  үш жүзге және руға бөліну, «өзбек байыса – үй салады, қазақ байыса – қатын алады», «жөйт (еврей) ауырудан бір ай бұрын, орыс ауырған күні, қазақ ауырғаннан бір ай кейін (өлерінің алдында) емделуге барады  деген қазақтың  жаман қасиеттері туралы оқырмандармен ой бөлісіп, өз пікірін ортаға салады.

     «Сыр – сұхбат» айдарында  халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен сұхбат жарияланған. Жазушы өзінің туған жері, тілек – армандары туралы  сыр шертеді. Жалғыз баласының елуден асып бара жатсада, әлі бойдақ екені, «немере, шөбере жоқ, ұрпақсыз болса, дүниенің барлығынан не пайда»  деп, өзінің мұның шағады.

   Нұрсейіт қажы Шәріпұлының «Қарағым, балам» атты мақаласы, Нұрқанат Нұрдәулетұлының «Баланы жастан...»  атты мақаласы   ата – аналардың дүниеге әкелген ұрпағына тәлімді тәрбие беруге арналған. Мақалалар  ел аузында жүрген ғибратты әңгімелермен мысал ретінде көрсетілген. Соның бірі:

   Әкесі мен ұлы жолаушылап келе жатып, жол үстінде жатқан тағаның сынған бөлігін әкесінің көзі шалып қалады. Әкесі: «Балам, жолда жатқан темірдің сынығын ала салшы, керек болып қалар» дейді. Сонда ұлы: «Әке, сынған темір неге жарар дейсіз?»  деп тыңдай қоймайды. Әкесі сабырлы кұйде темірді өзі алып, дорбасына салып алады. Ол темірді жолдағы темірші ұстаға өткізіп, алған ақшасына аздаған шие сатып алады. Шиеден баласына ұсынбастан өзі жеп кете береді. Жолда әдейі бір шиені жерге тастап кетеді. Артында келе жатқан баласы оны алып жейді. Кейін тағы біреуін тастайды. Баласы тағы алып жейді. Осылай бірнеше рет қайталанады. Сонда барып әкесі баласына қарап: «Көрдің бе, балам! Сен жаңағы бір рет еңкеюдің орнына он еңкейдің. Ол темір жарамсыз болса саған ала сал деп айтпас та едім. Әкенің сөзін тыңдауың ақылдылығыңның белгісі» деп түсіндірген екен.

  Тағылымды оқиға деп ойлаймын. Байқағанымыздай әкесі баласының кателігін ұрсып бетіне баспастан жай қарапайым мысал арқылы жеткізе білді. Мұнан тәрбиенің ұрсумен емес, жылы сөзбен, жақсы мысалдармен жеткізе білу нәтижелі екенін байқаймыз.

 

    Құрметті оқырмандар! Журналды қалалық кітапхананың оқырмандар залынан алып, оқи аласыздар!  Келіңіздер, оқыңыздар!

 

 

 Ільясова Алтын,

кітапхана библиографы

Просмотров: 1092 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]