Пятница, 03.05.2024, 19:42
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Октябрь » 19 » Ұлттық Ұлан нағыз ерлер үшін
09:48
Ұлттық Ұлан нағыз ерлер үшін

Халықтың рухын, жауынгер жігерін қалай асқақтатамыз? Қандай жолмен жас ұрпақтың бойынан Отанға деген сүйіспеншілік ұшқынын тұтатуға болады? Ел азаматтарының халыққа қызмет етуге деген ынтықтығы неден пайда болмақ? Бұл сұрақтардың жауабы – қазақстандық патриотизм тəрбиесінде орасан маңызға ие. Əсіресе, бүгіндері белең алған жаһандану дəуірінде жастарымыздың адаспауы үшін өте қажет дүние. Осыны ескеріп, кітапханада жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, әскери міндеттерге зерделі көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Шара қонақтары Ұлттық ұлан 3517 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген үздік сарбаздар – Әбді Бисұлтан, Маханов Талғат, Аменжанов Ильхам, Уәлиев Нұрлан және  №9 ОМ 10-сынып оқушылары қатысты.

 

Шара барысында кітапханашы ҚР Қарулы Күштері жайлы мәлімет берді, көрермендер видео тамашалады. Кешіміздің арнайы шақырылған қонақтары сахна төрінен орын алып, көрермендер қойған сұраққа еркін жауап беріп, өздерінің әскери өмірлерінің қиын да қызықты кездерін айтып ой бөлісті.
Кеш сарбаздардың тыныс-тіршілігі, әскери адамдардың өмірімен танысып, жігіттердің өнерлері жайлы сыр шертумен өтті. Әбді Бисұлтан Тәуелсіздікке тарту ретінде өзі шығарған өлеңін мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырды.

 

Просмотров: 789 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]