Понедельник, 06.05.2024, 05:31
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Февраль » 23 » «Тіл – халық қазынасы»
15:59
«Тіл – халық қазынасы»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалы аясында және 21 ақпан халықаралық ана тіл күніне орай, орталық қалалық кітапханада қала мектептері арасында «Тіл – халық қазынасы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Шараға №5 КМЛ 10 -сынып оқушылары, №9 ОМ 9-сынып оқушылары, «Бөгенбай батыр» атындағы спорт мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында кітапханашы тілдің маңыздылығына тоқталып, латын әліпбиі туралы мәлімет берді. Әріқарай қатысушылар 5 кезең бойынша сайысқа түсті. «Таныстыру» бөлімінде әр топ өздерін таныстырды. «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берді. «Кім зерек» бөлімінде ақындардың өлең жолдарынан үзінді берілді. Ол кімнің өлеңі және қай өлеңінен үзінді алынғанын айтып өтті. «Сөз - мәйегі - мақал» бөлімінде берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тапты.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімінде бірнеше тақырыптар беріліп, сол тақырыптар бойынша шығарма жазды. Қатысушылар шығарма жазып болғанша көрермендермен викториналық сұрақтар қойылып, ана тіл туралы әндер орындалды. Қазақ тілі бойынша кітаптарға шолу жасалды. Сайыс қорытындысы бойынша «Тіл білгірі» номинациясымен «Бөгенбай батыр» атындағы спорт мектебі, «Тіл жанашыры» №9 ОМ, «Тіл қамқоршысы» №5 КМЛ марапатталды.

Просмотров: 736 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]