Воскресенье, 05.05.2024, 07:18
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Ноябрь » 16 » «Теңге – тәуелсіздік нышаны»
09:55
«Теңге – тәуелсіздік нышаны»

Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере­кесінің бірі екені сөзсіз. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Осыған орай орталық қалалық кітапханада 15 қараша банк қызметкерлерімен кездесу кешін ұйымдастырылды. Шараға тау-кен техникалық колледжінің студенттері мен кеш қонақтары   «Цесна банктың»несие бөлімінің маманы  Нургожина Алина мен «Центр кредит» банктің несие бөлімінің маманы Халхабай Нұрбек қатысты.

Кеш барысында кітапханашы видео презентация арқылы «Теңге» тарихымен және арнайы қойылған «Теңге – мемлекет кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Кеш қонақтары мамандықтары мен банк қызметі жайлы толық мәлімет берді. Ел болашағы жас студенттерге өз кеңестерін беріп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кеңінен сұхбат жүргізілді.

Шара соңында кітапхана басшысы шараға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, кеш қонақтарына алғыс хат пен естелік кітабын сыйға тартты.

Просмотров: 1059 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]