Воскресенье, 05.05.2024, 22:06
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Май » 2 » «Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»
10:33
«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»

Күн мен түннің теңеліп, табиғат бар шуағын шашып, ақ түйенің қарны жарылған Наурыз мерекесі еліміздегі ең ұлық мерекелердің бірі. Табиғатпен бірге адамзат та іштей түлеп, әлдебір әдемі сәтті күтетіні де рас. Дәл осындай сәтті басынан кешірген «Шаңырақ» клубының мүшелері 16-наурызда «Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!» атты мерекелік іс-шараны, қазақтың ұлттық мерекесін тойлап, салт-дәстүрді жаңғыртып, жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырды. 

Мерекелік шараға А.Косарев атындағы №9 орта мектептің 5-6-7- сынып оқышылары келіп қатысты. Жүргізуші думанға баршаны шақырып, Наурыз мерекесінің мәні жайлы айтты. Шара Қыс пен Көктемнің айтысынан басталды. 

 

Тұсау кесу рәсімі көрсетілді. Жасы бірге толған, қазақша жасандырып киіндірген, үкі таққан бір немесе бірнеше баланы (ұл не қыз) қаумалаған елдің ортасына алып шығады. Жүргізуші тұсау кесу дәстүрінің мән-маңызын түсіндіріп, хабарлайды. Тұсау кесуші баланың аяғына жіп байлап, ырымдап бәкімен (қайшымен), көк шөппен тұсауды кеседі. Тұсау кесу сөзін айтады. Ала жіпті байлағаным, адамның ала жібін аттама дегенім. Көк шөппен кескенім, басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ болсын дегенім деп ырымдайды.


Жаңару күнінде көп жаңалықтар болады. Тұсау кесу салтынан кейін қазақтың ұлттық ойыны «қол күрес» ойнатылды.

 

 Бата беру үшін Ақ сақалды Қыдыр баба жұртшылыққа ақ батасын беріп, елге ырыс-береке тіледі.


Оқушылар шараның өтуіне үлкен қосты. Қазақтың қара торы қыздары мың бұралып би биледі.


Мәди мен Темірлан  қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, ұлттық күйді шертті.

 


 Наурыз күнi думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Қалтырауық қамыр кемпiр» ойындары бар. Онымен қатар бұл күнi наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлi әзiл-қалжың, мадақтау өлеңдерi айтылады. Балалар Наурызға арналған жыр шумақтарын оқып, Қыз бен Жігіт айтысынан да үзінді көрсетті.

 

Жиналған жастар қол өнер көрмесімен кітап көрмесінде тамашалап, мол мәлімет алды.

Ән қосылсын әңіне,

Сән қосылсын сәңіне!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

 

     ИНДИРА АРАПБАЕВА

Просмотров: 2115 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]