Воскресенье, 05.05.2024, 10:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Март » 2 » Сөз құдіреті
11:55
Сөз құдіреті

Орталық қалалық кітапханада 2015 жылдан бері «Алтын қалам» жас ақындар клубы жұмыс істеп келеді.
Кітапханадағы «Алтын қалам» клубы – жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады. Себебі, жастар қарапайым ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре біледі. Клуб мүшелерінің арасында «Сөз құдіреті» атты сайыс екі кезең бойынша өтті.

І кезең - «Жырларыммен сырласам». Сайыста қатысушылар Қазақстан туралы өлеңдерін орындады. «Мәңгілік ел» идеясы, Елбасының халыққа Жолдауы, ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы, ҚР Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл, ЕХРО-2017 тақырыптарын өлеңдеріне арқау етті. 
ІІ кезең – «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап».  Жас ақындарға берілген ұйқасқа өлең шығарды.
Қатысушылардың талантына тәнті болып, өз бағасын берген қазылар - Степногорск қалалық оқыту- әдістемелік орталығы» КММ басшысы: Кабар Хайрым, «ОКЖ» ММ басшысы – Мұхамадиева Роза Койкеновна, «ОКЖ» ММ әдіскері – Бакибаева Алия Курмангалиевна.

Сайыста клуб мүшелерінен 7 ақын жыр шумақтарын Қазақстан еліне арнады. Дәуірбек Қайролла, Құсайын Дінжан, Нұрлыбаев Аян, Оспанов Еламан, Қалыбай Айдар, Қалықбай Нұрлан, Киікбаев Әуелбек сынды қаламыздың жас ақындары бақтарын сынасты. Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен Құсайын Дінжан, ІІ дәрежелі дипломмен  Қалыбай Айдар, ІІІ дәрежелі дипломмен Оспанов Еламан марапатталды. Қатысушылардың барлығына мадақтама мен  сыйлықтар табысталды.

 

Просмотров: 768 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]