Вторник, 30.04.2024, 12:15
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Февраль » 21 » «Президент жолдауы – болашаққа жол бастар»
10:35
«Президент жолдауы – болашаққа жол бастар»

Қазақстан халқының ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құжат – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті.
       Жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, алыс болашаққа көз тастаған Елбасы жаңа дәуірдің талаптарына сай болу үшін Қазақстан халқы қандай қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы қажеттігін, қандай сынақтардан сүрінбей өтіп, қандай мақсаттарға қол жеткізуі керектігін қолмен қойғандай етіп нақтылап, жіліктей отырып, өз ойын елдің ендігі жердегі даму көгіндегі темірқазығына айналар «Қазақстан-2050» Стратегиясына сыйғызды.

Осындай аса құнды құжатты жастарға түсіндіру мақсатында ақпанның екінші жұлдызында «Атамекен» клубының мүшелері А.Косарев атындағы  №9 орта мектептің 8-5-6-сынып оқушыларына  «Президент жолдауы – болашаққа жол бастар» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.

Шарада барысында оқырмандарға Презентация арқылы Президент жолдауы жайлы түсінік беріп, жаңа саяси бағыттың мақсаттары мен елдің елдігіне сынақ болатын 10 сын-қатер жайлы мәлімет берілді. Оқушылар Президент жайлы видео-фильм тамашалап, елдің болашағы жайлы өз ойларын еркін баяндады.

Жүргізуші балаларға кітап көрмесімен таныстырып, ондағы кітаптарға жеке-жеке тоқталып, мәлімет берді. Шара соңында балалар кітаптарды қарап, оқыды.

 

Орталық қалалық кітапхана

Қоғаммен байланыс әдіскері Арапбаева И.Ш.

 

 

Просмотров: 2472 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]