Четверг, 02.05.2024, 15:13
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Май » 22 » «Ұмытылмас ерлік»
15:44
«Ұмытылмас ерлік»

Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 68 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келді. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емеспе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әр бір адамның жүрегінде.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқартаудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етіп жүрейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.



Жас Жас оқырмандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру; Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту мақсатында 9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұмытылмас ерлік» атты іс-шара  белсенді оқырмандардың қатысуымен өткізілді.



 Жеңісов Нұрбол, Бортаева Альбина, Нагашбаева Ақжүніс, Қабұлова Әсем, Карибекова Эльвира, Габдуллина Дина, Нарбатыров Төле, Дербесов Ұлан, Якияев Жасұлан, Амантаев Мәди сынды Отан сүйгіш ұл-қыздар батыр бабаларының ерлік істері жайлы айтып, жыр шумақтарын оқыды.  «Біз - тәуелсіз елдің жас ұрпақтарымыз!» - деп, биші қыздар биледі. 

               

 Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деген тілекпен шара аяқталды.

Қоғаммен байланыс әдіскері

И.Ш.Арапбаева


Просмотров: 1603 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]