Пятница, 19.04.2024, 20:17
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Май » 16 » Мәңгілік ел мекені
14:00
Мәңгілік ел мекені

Зияткерлік ойын арқылы оқушыларды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту, елін, жерін қорғауға бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу мақсатында «Мәңгілік ел мекені» атты «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубының финалдық ойыны өткізілді. Ойынға жартылай финалдан жолдама алған №9 орта мектеп, №5 КМЛ оқушыларынан, тау-кен техникалық колледжі, құрылыс техникалық колледжі, «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған командалар өзара сайысқа түсті. Қатысушылар бар білімдерін ортаға салды. 
2015, 2016 жылдары ойынның кубогын №5 КМЛ командасы жеңіп алған болатын. 2017 жылдың жеңімпаз тобы Тау-кен техникалық колледжінің командасы. Ойын шарты бойынша ауыспалы кубокты №5 КМЛ командасының топ басшысы Нұржанов Жандос ТКТК командасына табыстады. Финалға жеткен барлық командалар дипломдармен марапатталды.

 

Просмотров: 702 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]