Суббота, 20.04.2024, 07:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Апрель » 23 » «Әлемді бағындырған батыр ұл»
17:44
«Әлемді бағындырған батыр ұл»

Дүниежүзілік спорт аренасына шығып, шетелдердегі жарыстарда атақ, даңққа ие болған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолымен, бейнесімен, ерен еңбегімен таныстыру.Спортты сүюге,елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында Қажы Мұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған портрет кеші өткізілді.

Шараға Бөгенбай батыр атындағы спорт мектебінің 8-сынып оқушылары және №5 КМЛ оқушылары қатысты. Шара барысында жүргізуші «Алыптың туған топырағы»   Мұрат Керебайдың 2006 жылы «Фолиант» баспасынан басылып шыққан «Қажы Мұқан» кітабына сүйене отырып, өмір жолынан мәлімет берді. Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен күрес жолы бірқатар киноленталарда бейнеленген. Соның ең көнесі палуанның Темірландағы мұражайында сақталған. Онда Қажымұқан күрес аренасынан бір рет жарқ етіп көрініп қалады. Шамамен 1914 жыл. 

Дала батыры жөніндегі алғашқы фильмді Ораз Әбішов түсірді. Сценарийін жазған Әлімқұл Бүркітбаев.

Сұлтан Қожықов түсірген «батырлар достығы»- көркем фильм. «Қажмұқан мен Қажытай» - телефильмі. Күш атасы – Қажымұқан» атты видео көрсетілді. Презентация арқылы күрес майданы, жетістіктеріне шолу жасалды.

Алып күш иесіне арналған ақындардың өлең шумақтарын «Алтын қалам» клубының мүшелері оқыды.  Арнайы қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара соңында қатысушылармен тарихи деректер мен күрес түрлері бойынша сұхбат жүргізілді. 

          

Просмотров: 955 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]