Пятница, 10.05.2024, 01:46
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Февраль » 21 » Кітапханадағы жаңалық
13:33
Кітапханадағы жаңалық

Құрметті қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары, биылғы жылы Орталық қалалық кітапханада қазақ тілінде жүргізілетін «Шаңырақ» клубы мен «Әдебиет әлемі» клуб лекторийі ашылды. Сіздерді өткізілетін іс-шараларға белсенді түрде қатысып, кітапхана оқырманы болуға шақырамыз!

 «Шаңырақ» клубы қазақ халқының мәдени мұрасын жаңғыртып, үйренуге қызыушылық танытқан жастардың өз еркімен бірігуі негізінде қалыптасқан, ал «Әдебиет әлемі» клуб лекторийі жоғарғы сынып оқушыларына Қазақстанның көркем әдебиетін кеңінен тарату, оқу әдетін қалыптастырып, жастарға дәріс беру негізінде қалыптасқан қоғамдық ұйым болып табылады.

Клуб 2013 жылы «ОКЖ» ММ Орталық қалалық кітапханасында құрылып, ҚР Конституциясына ҚР Заңдарына, клуб ережесіне жұмыс бағдарламасына (жоспарына) сәйкес жұмыс атқарады. Клуб мүшелігіне 14 жастан жоғары кітапхана оқырмандары қатысады.

 «Шаңырақ» клубының мақсаты:

Қазақ халқының салт-дәстүрімен мәдениетіндегі бала тәрбиелеудегі оң тәжірибесін насихаттау;

Әр жастағы пайдаланушылардың бойында оқуға деген қызығушылықтарын арттыру әрі нығайту;

Жастарды қазақ халқының мәдени мұрасын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, еліміздің және қаламыздың тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын ояту.

Жанұяның құқықтық мәдениетін нығайту, отбасылық оқуды жаңғырту.

«Әдебиет әлемі» клуб лекторийінің мақсаты:

Қазақстанның көркем әдебиетін кеңінен тарату, оқу әдетін қалыптастыру, жастардың әдеби талғамдарын дамыту;

Болмысымыз жоғалып кетпес үшін қазақ ұлттық әдебиетіне, тіл біліміне, мәдени тарихына үлес қосып, негізін салған тұлғалар жайлы насихаттау.

 

 

Клуб жетекшісі – Арапбаева Индира Шералықызы

 

 

 

Просмотров: 1106 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]