Пятница, 03.05.2024, 10:07
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2012 » Март » 13 » Кітапханадағы кездесу
10:55
Кітапханадағы кездесу

Степногорск орталық қалалық кітапханасында жергілікті ақын-журналист, «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Полатбек Тілләбайұлы Жанбаевтың «Жыр-жаңбыр»  атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Кешке кітапхана оқырмандары, қаланың зиялы қауым өкілдері, № 5, 9 мектеп оқушылары, ақынның туған-туыстары, жора-жолдастары қатысты. Өлең десе жеген асын жерге қоятын қазақ халқы кітапхананың оқырмандар залына көп жиналды.

Автордың  кітаптары мен ақын туралы әдебиеттер  қойылған «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен...» атты кітап көрмесі көрермендер ризашылығына ие болды. Ақынның  мына өлең жолдары:

                             Әй, оқырман, қырағы көз –зергерім,

                             Жырларымның шын бағасын бер менің.

                             Өмір мәні – пайда табу, баю ма,

                             Дүние қусаң бүгіннен – ақ өлгенің, – көрменің цитатасы  болып алынды.

      Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген Полатбек Тілләбайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысына қарасты Тамды ауданындағы «Аяққұдық»  ауылдық Кеңес аумағындағы Ленин атындағы ұжымдық шаруашылықтағы шаруа жанұясында дүниеге келді. 1980 жылдан бері өлең  жазумен айналысады. Ол проза, поэзия, сатира саласында өнімді қалам тартып жүр. Полатбек Жанбаевтың жеке және ұжымдық авторлар топтамасында кітаптары жарық көрген. 1985 жылдан бері журналистика  саласында еңбек етеді. Ташкенттен шығатын республикалық «Нұрлы жол», Тамды аудандық  «Тамды шаруагері» газеттерінде еңбек етті, 1987 – 1993 жылдары Алматы қаласындағы ҚазМУ – дың журналистика факультетінде оқыған.  Туған елге оралып,  2005  жылдан  «Степногорск ақшамы»  газетінде еңбек етуде.

       Полатбек Тілләбайұлы – «сегіз қырлы, бір сырлы» дарын иесі. Бірнеше  байқаулардың жеңімпаз жүлдегері. 2001 жылы Ташкент шаһарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген халықаралық журналистер байқауында жүлделі  үшінші орынды иеленді.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне өткен ақындар мүшайрасында Ақмола облысы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды. Өзбекстанда ақынның өлеңі «Қазақ тілі» хрестоматиясында оқылады.

     Алғашқылардың бірі болып сөз алған тілдерді оқыту орталығының басшысы М.Б. Сейтназаров ақынның  Өзбекстандағы атқарған қызметі, оның шығармашылық жетістіктерін атап өтіп, бүгінгі заман ағымындағы қилы-қилы мәселелерге қалам тартатын қарымды журналист ретінде де танылып жүргенін тыңдарман қауымға баяндап берді. Оған шабытының таси беруіне және жаңа кітаптарының көп болуына, сондай-ақ оқырмандарының құрметіне бөленуіне тілектестік білдірді.

     Мектеп оқушылары Полатбек Тілләбайұлының әсем де әсерлі, сырлы да сыршыл туған жерге, табиғатқа, тәуелсіздікке арналған өлеңдерін  оқыды.

    Жыр арасында  «Мирас» мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетіп, кеш ажарын аша түсті.

   Ақын ағаның балалары да поэзияға жақын. Қызы Қарашаш өлең жазады. Қарашаш сөз кезегінде әкесіне арнаған өлеңін оқып берді.

Кеш қонақтары Ақмола облыстық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, Степногорск қаласындағы  «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы  Т. Сағиев, ақынның әріптесі Ж. Қалиева сөз алып, тілектерін айтып, шығармашылығына табыс тіледі.

      Ақынның өмірден алынған ой-толғамдары көңіл көгінде әдемі жыр болып өріліп, сезім өрінде мөлдіреп төгіледі.

           Ана тілім – арым әрі мақтаным,

           Бесіктен-ақ мені уатып, жақтадың.

           Сен арқылы танып білдім дүниені,

           Сондықтанда сені жырлап жатқаным.

           Ана тілім – қазақ тілім өз тілім,

           Абыройым сен арқылы өсті тым.

           Сен бар жерде жасырмадым ойымды,

           Жақтамадым жамандықтың ешбірін – деп ана тілі туралы жырласа,

өз мамандығы туралы былай деп жырлайды:

             Журналист кім, жазғыш  емес ол тегін,

             Журналистің  бағалай  біл  еңбегін.

             Ол жазғанда   бар жағдайды  бүркемес,

             Жасырмайды  тентек  болса елде кім.

              Қалам көрсе,   ой еңбегі сезілер,

              Болмаса да  айтарлықтай  өзі  ер.

              Нағыз  ерді  сомдап  сонда  көрсетер,

             Түн жарымда жазу жазып көз ілер.

Әсем қаламызды, табиғатты көркем бейнелеп былай жырлайды:

               Қандай әсем жасыл әлем қаптаған,

               Сөз жете ме сымбатыңды қаттасам.

               Қарағайлы ормандарың бір ғажап,

               Сендей керім кербез жерді таппағам...

Полатбек  Жанбаев үш әннің өлеңін жазған қаламгер.  Олар «Жаңа Тамды», «Бауыржан», «Қанарбай ата» әндері.  «Жігітке жеті өнер аз» демекші  жерлес ақынымыз музыкалық аспапты да жетік меңгерген. Кеш барысында ақын өзінің «Жаңа Тамды» әнін мандолинмен орындап берді.

    Ақынға сұрақтар қойылып, оған  Полатбек  Тілләбайұлы  жауап беріп отырды.  Автор сүйікті жырларынан үзінділер оқыды.  Кеш соңында жиналған қауым ризашылықтарын  білдіріп, мұндай басқосулардың кітапханада  көптеп өтуіне тілектерін білдірді. 

Алтын Ільясова,

Степногорск қалалық кітапхана библиографы












Просмотров: 1431 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]