Пятница, 03.05.2024, 11:01
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Апрель » 19 » Кітапханада өткен сайыс
12:50
Кітапханада өткен сайыс
Орталық қалалық кітапханада наурыздың 27-сі «Олардың есімі – халық мақтанышы» атты мәнерлеп оқу сайысы 21-наурыз Дүниежүзілік поэзия күніне орай өткізілді. Дүниежүзілік поэзия күні тілдік көптүрлілікті сақтап, оған қолдау көрсетуге, сондай-ақ поэтикалық өнер арқылы мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етуге тиіс. Бұл күн поэтикалық оқулардың ауызекі дәстүрін жаңғыртуға, поэзияны оқытуға, поэзия мен театр, би, музыка, кескіндеме тәрізді өнердің өзге де түрлері арасындағы диалогты қалыптастыруға, сонымен қатар баспагерлерді ынталандырып, бұқаралық ақпарат құралдары арасында адамдарға ашық қолжетімді осы замандық өнердің шынайы түрі поэзияның позитивті бейнесін жасауға ыңғайлы.
 Бұл сайысқа  №1 Ақсу орта мектебінің 6-сынып оқушысы Котенко Татьяна С.Мәуленовтың «Абылай туралы» өлеңімен, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы Есиркепова Ғазиза А. Кушаевтің  «Біздер үшін Бауыржан ірі тұлға» өлеңімен, 6-сынып оқушысы Умирова Камила Қ. Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңімен, Заводской орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жылқайдарова Аружан М.Ыбыраевтың «Тарихи тұлға» өлеңімен, 10-сынып оқушысы Коростылева Ксения Т. Молдағалиевтің  «Тұңғыш Президент»  өлеңімен, №1 Островский атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Шевченко Ольга А.Құнанбайұлының  Қара сөздерімен, 10-сынып оқушысы Грин Анастасия Қ. Аманжоловтың «Абдолла» поэмасымен,  №9 А. Косарев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Рахаддинова Даметкен  М.Ыбыраевтың «Кие» өлеңімен, 10-сынып оқушысы Бертаева Айгерім Т.Көлбаевтың «Жан құрбы» өлеңімен, №8 А.Гайдар атындағы орта мектептің 7-сынып оқушылары Расколов Кирилл Т. Молдағалиевтің «Мәншүк пен Әлия ескерткішінің алдындағы ой» өлеңімен, Дашкевич Нина С. Жүнісовтың «Бауыржан Момышұлы» өлеңімен, № 2 А.М. Горький атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Сагитов Роман «Уран» өлеңімен, Қарабұлақ орта мектебінен 6-сынып оқушысы Мұратова Айнұр «Елбасы» өлеңімен, 8-сынып оқушысы Максименкова Яна  «Президенту посвящая» өлеңімен белсенді қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Орта буын:                                                           Жоғарғы буын:
І-орын - Котенко Татьяна                                І-орын – Шевченко Ольга
              Рахаддинова Даметкен                                      Сагитов Роман

ІІ-орын – Расколов Кирилл                                 ІІ-орын – Коростылева Ксения

ІІІ-орын – Жылқайдарова Аружан                 ІІІ-орын – Максименкова Яна

Қатысушыларға диплом, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал, шәкірттерін дайындап, осы сайысқа жетелеген ұстаздарына да шығармашылық табыс тілеп, алғыс хатпен марапатталды.

                                                                  



Қатысушыларға диплом, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал, шәкірттерін дайындап, осы сайысқа жетелеген ұстаздарына да шығармашылық табыс тілеп, алғыс хатпен марапатталды.

 

Индира Арапбаева

 


Просмотров: 1679 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]