Воскресенье, 05.05.2024, 17:12
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2012 » Октябрь » 3 » Кітапхана жаңалығы
13:12
Кітапхана жаңалығы

Кітапхана – оқырмандар ордасы,

Талпынғанға ең алғашқы қолдаушы.

Қажетті өтеу – кітапхана парызы,

Іздегенді бағыттаушы, жол басшы.

 

   Адамның рухани қалыптасуында кітаптың алатын орны ерекше. Ал сол рухани қазынамызды қастерлеп, сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан кітапхананың да бүгінгі таңдағы маңызы бөлек.  Кітапхана өмірі өз оқырмандары арқылы жалғасады. Бүгінгі дәуірде ақпарат алушы қоғамның  көзқарасы да, талабы да өзгеруде. ХХІ ғасыр көшіндегі қоғамдық өзгерістер, ақпараттық кеңістік, өркениетке өрлеу, мұның бәрі кітапханалардың жаңа бағытта қызмет көрсетуін талап ететіндіктен кітапхана ісіне жаңа инновацияларды пайдалану қажет етеді.

  Біздің де орталық қалалық кітапхана  жаңа, қазіргі заманғы сенімді бейнесін иеленіп отыр. Ол шынында да бүгінгі күні ақпараттық орталық, қатынасу орталығы болып қалыптасты. Сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал – жабдықтармен жасақталған. Шаралар ақпараттық технологияларды пайдаланып өткізіледі. Сондай–ақ кітапхана оқырмандары үшін megaline жүйесі арқылы ғаламтор қызметін пайдалану мүмкіндігі жолға қойылған. Оқырмандарға құлақ қағыс: Интернет жүйесінде жұмыс істеу ақысы қала бойынша ең төмен. Кітапхананың жеке web-сайты (st-cbs.ucoz.kz) бар.

Тағы бір жағымды  жаңалығымыз: кітапхана қоры Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасының «Аудиокітап» атты жаңа жобасынан шыққан аудиокітаптармен толықты. Айта кету керек,  жобаның авторы және көркемдік жетекшісі белгілі ақын Есенғали Раушанов. «Абай өлеңдері» атты аудиокітапқа ұлы ақынның өлеңдері енген. Мәтін «Жазушы» баспасынан 2005 жылы жарық көрген Абай шығармаларының екі томдығы бойынша оқылды. Сонымен қатар Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан», М. Әуезовтің «Абай жолы», Ә. Кекілбаевтің «Күйші», О. Бөкейдің «Атау кере» шығармаларын тыңдай аласыздар. «Жорық жырлары» атты аудиокітапқа қазақ ақын – жырауларының ерлік жырлары енген. Жинаққа енген жырлар  әржылдарда шыққан «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» атты кітаптардан алынған. Бұл тегеріштерді (диск) кітапхананың ақпаратты – библиографиялық бөлімінде отырып, тыңдай аласыздар.

  

Білім іздесеңіздер,  жаныңыз кірлемесін десеңіздер

кітапханаға келіңіздер!

 

Алтын Ілиясова,

кітапхана библиографы


      

 

Просмотров: 1242 | Добавил: manap | Теги: аудиокітап
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]