Пятница, 26.04.2024, 18:17
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Сентябрь » 13 » Кітап елінде
14:00
Кітап елінде

«Кітап елінде» атты білімділер сайысы №4 дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектеп интернатының 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: патриоттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Шара барысында Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» дастанынан үзінді, М.Шахановтың «Отарар кітапханасы», Өтебай Тұрманжановтың «Білім» өлеңі оқылды. 
Қазіргі таңда қоғамдағы және мемлекетімізді алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі – тіл мәселесі мен білім алу кең ауқымда талқыға түсті.

Кітапханашы арнайы қойылған кітап көрмесіне шолу жасап, Ұлы тұлғалардың еңбектерін таныстырып өтті. Әрі қарай үш баланы әділ-қазы алқасы етіп сайлап, балаларды екі топқа бөліп, топ атауы мен басшысын таңдап алдық. Балалар экраннан көрсетілген - 1-ойын паркі, 2-өлеңдер, 3-мультфильмдер, 4-мақалалар белестерінен өтті. Кітаптың шығу тарихы, құрылысы, кітап, білім, жазу жайлы халық даналығынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде «Қырандар» тобы жеңіске жетті. «Алғырлар» тобы да өз білімдері мен таланттарын көрсете білді.

Просмотров: 582 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]