Пятница, 26.04.2024, 16:31
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2015 » Декабрь » 14 » «Халықтардың алтын тәрбиесі»
12:46
«Халықтардың алтын тәрбиесі»

1995 жылы ЮНЕСКО-ның  конференциясында толеранттылық туралы Декларация бекітілді. Содан бері 16 қараша дүнижүзілік толеранттылық күні болып аталып келеді. Осыған орай қарашаның он екісінде орталық қалалық кітапхана «Халықтардың алтын тәрбиесі» атты диалог кешін өткізді. 

Кештің мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Қала жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Шараға қатысқан № 5 КМЛ 9-10 сынып оқушылары әр ұлттың балаға беретін тәрбиесі туралы білгендерін ортаға салды. 

Қай ұлт болса да оның өзіндік ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті мен тәрбиесі арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Тәрбие – бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін келесі ұрпаққа енгізіп отырады да, оны қалыптастырудың алғышарттарын жасайды.
Әйгiлi орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: “Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек” – дейді.
Жастар, бала тәрбиесі бесіктен басталатынын оның бала өміріне пайдалы жақтарына да тоқталып өтті.

                                                                                                                       
Қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың балаларды оқу мен тәрбиелі болуға шақыратын еңбектері де талқыланды.
Ы.Алтынсариннің тәрбиелік тағылымы мол «Қобыланды батыр», «Жәнібек батыр» жырларынан үзінді және «Қара батыр» ертегісін, «Бақша ағаштары», «Әке мен бала», т.б. әңгімелері төңірегінде әңгіме қозғалды. Ондағы мақсаты кейіпкерлердің төзімділігін, ақылдылығын балаларға өнеге ету болды.
 Жастарды әдепті, тату  болуға, сөз қадірін білуге, сабырлы, арлы, еңбекшіл, есте сақтау, көргеннен өнеге алу, ұстамды болуға шақыратын Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш», «Заман ақыр жастары», «Сегіз аяқ» деген өлеңдері де, қазақтың ұлттық тәлім тәрбиелік тұжырымдарының арнасы 15, 17, 23, 29, 32- қара сөздері де айтылды.
Шара барысында тәрбиенің мәні терең түрде ашылды.
-    «Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?» - деген сұраққа жастар: «тыныштық, бірлік, татулық, төзімділік», деп жауап берді.
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! 
                                                                         

Индира Арапбаева
Орталық қалалық кітапхана кітапханашысы

 

Просмотров: 889 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]