Четверг, 02.05.2024, 07:12
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Март » 6 » «Көктемгі тамшылар сыңғырлайды»
15:58
«Көктемгі тамшылар сыңғырлайды»

Орталық қалалық кітапханада 8 наурыз  халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай «Көктемгі тамшылар сыңғырлайды» атты шара № 9 ОМ 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Шара қазақ тарихындағы аналарды еске алумен басталды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, қызықты ойындар әлеміне саяхаттады.

«Қоржын» ойынында берілген сұрақтарға жауап беріп, ұпай санына асық алды.  Көп асық жинағандар келесі «асық ату» ойынына қатысты. «Ән жұмбақ» ойынында қазақтың ана, ару қыздар туралы өлеңдері жасырылды және караокемен орындады.  «Шебер қолдар» кезеңінде жігіттер түйме тағып, тігін тікті. «Сыйлық»  бөлімінде жігіттер гүлдің суретін, қыздар тағамның суретін салып құрамын айтты. Мақал-мәтелдер кезеңінде ана туралы мақалдардың жалғасын тауып, «Поэзия минуты»  балалар кітап көрмесінен ақындар өлеңдерінен ана, ару қыздар туралы жыр шумақтарын алып оқыды. «Золушка биі» - Золушка әрдайым билегенді ұнатқан. Бірақ оның билеуге бос уақыты болмағандықтан жұмыс істеп жүрген кезінде би билеп үйренген.  Жігіттер Золушканың киім үтіктеп, гүл суғарып, ыдыс- аяқ жуғанда, шаң сүрткен кезде билеп жүргенін көрсетті. Шара соңында барлық жігіттер бірге қыз-келіншерді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

 

Просмотров: 723 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]