Понедельник, 29.04.2024, 08:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Май » 6 » «Ерлердің ерлігі – біздің жүрегімізде»
18:09
«Ерлердің ерлігі – біздің жүрегімізде»

Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде патриоттық сабақ өткізілді.

Жеңіс күні!

Жеңістің жырын айтсын тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедектері жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бүгінгі күндердей!

атты патриотизм сабағын кітапханашы шумақ өлеңмен бастады.

  

Шара қонақтары Ақмола облысы МКҚБ 2- полиция батальондары мен ішкі істер қызметінің ардагері Степногорск қаласының құрметті азаматы Сағиев Тоқтамыс Серәліұлы ағамыз болды. Кітапханашы патриотизм ұғымына түсінік берді, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қиыншылықтарды, ата-бабамыздың ерліктері туралы айтылды, көрермендер видео тамашалады. Кешіміздің арнайы шақырылған қонағы сахна төрінен орын алып, көрермендер қойған сұраққа еркін жауап беріп, өздерінің патриотизм  отбасынан басталады деп ой-бөлісті. Кітапханашы арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырды.

Байтиева Алуа мен Хамзаева Аниса № 9 мектептің 8- сынып оқушылары өздерінің алтын қоржынан тақпақтар оқып қонақтарымыздың қошеметіне  бөленді.

Патриотизм – көпқырлы күрделі түсінік. Ата-бабалардан қалған мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап, мемлекет азаматтарының заманға сай болып жатқан өзгерістерге бейім болып, өзінің туған елін сүю.

Жалпы алғанда патриотизм бұл Отанына, туған жеріне деген асқақтаған, шынайы сүйіспеншілігі.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш-қуаты. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны. Қарттарды,майдангерлерді қадірлейік. Шара соңы патриоттық  «Жойылсын соғыс!» әнімен аяқталды.

Просмотров: 900 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]