«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» - 30 Апреля 2016 - Сайт Степногорской ЦБС
Пятница, 09.12.2016, 02:01
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2016 » Апрель » 30 » «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»
17:47
«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»

«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»

Отан қорғаушылар күніне арналған кеш сарбаздардың тыныс-тіршілігі, әскери адамдардың өмірімен танысу, үздік сарбаздар мен кадет сыныбының үздіктері жайлы сыр шерту, олармен сұхбаттасу барысында ұйымдастырылды. Мақсаты: Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, әскери міндеттерге зерделі көзқарасты қалыптастыруға, жастар біздің Отанымыздың болашағы ретінде достық, өз сөзінде тұру, батылдық, қайратты, мейірімді болу, адалдық қасиеттерді өзінде тәрбиелеу керек екенін түсіндіру.

Шара қонақтары Ұлттық ұлан 3517 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген үздік сарбаздар -  Жұмабеков Сәрсен Әділбайұлы,

 Аханов Дархан Келгенбайұлы, Жүсіпов Қайсар Мұратбайұлы, Санабаев Қыдырбек Аманжолұлы, Пернебаев Ернар Ержанұлы. Сондай-ақ,  №5 КМЛ кадет сыныбы мен 6-сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында кітапханашы ҚР Қарулы Күштері жайлы мәлімет берді, көрермендер видео тамашалады. Кешіміздің арнайы шақырылған қонақтары сахна төрінен орын алып, көрермендер қойған сұраққа еркін жауап беріп, өздерінің әскери өмірлерінің қиын да қызықты кездерін айтып ой бөлісті. Жігіттер өз өнерлерінде аяп қалмады, домбырамен ән айтып, Қайсар өзі шығарған өлеңін мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырды.

Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі ер азаматтардың арқасында! Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

 

Остальные фото смотреть в фотоальбоме

Видео с мероприятия: 

Просмотров: 314 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]