Пятница, 19.04.2024, 19:59
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Октябрь » 16 » «Дін, дәстүр, Тәуелсіздік тағылымы»
15:43
«Дін, дәстүр, Тәуелсіздік тағылымы»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады. Көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүбірлі дүниеде Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет.

Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.

Орталық қалалық кітапхана Рухани келісім күніне орай, «Дін, дәстүр, Тәуелсіздік тағылымы» атты қалалық мешіт имамымен кездесу кешін жылдағы дәстүр бойынша өткізді. Кешіміздің қонағы Берік Иранұлы Дінаралық қатынас, Ислам діні мен шариғаттары жайлы және қазақтың салт-дәстүрі, ақындар шығармаларымен исламның үндесіп жатқанын да айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. Ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ!

 

Просмотров: 675 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]