Четверг, 25.04.2024, 07:53
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Сентябрь » 20 » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
09:33
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында халқымыздың біртуар ұлы, қазақтан шыққан алғашқы академик Қаныш Сәтбаевқа арналған мәнерлеп оқу байқауы жас ақындар арасында өтті. Шара  барысында кітапханашы Елбасының «Туған жер» бағдарламасына тоқталды. Байқау шарты бойынша әр қатысушы Қ.Сәтбаевқа арнап шығарған жыр шумақтарын көрермендерге тарту етті. 
Қатысушылардың сөйлеу мәнерін, сөз шеберліктерін, ой ұшқырлығын салыстыра отырып, баға берген қазылар – Степногорск қ. тілдерді оқыту орталығының әдіскері – Медетова Бахыт, «Горняк» ОМС мәдениұйымдастырушысы – Бейсен Мадина, ОҚК ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі – Серікбаева Гулвира. 

Қаламыздың бүгінгі болашақ жас ақындары – №2 ҚТК студенті Оспанов Еламан, №4 Болашақ мектеп-интернатының оқушылары Жаныбек Алия, Өргебай Ақсұңқар, №5 КМЛ оқушысы Абилмаликова Балнұр, Тау-кен техникалық колледжінің студенті Құсайын Дінжан, №7 ОМ оқушысы Ибадуллаева Балжан, т.б. жас ақындар өздерінің жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырларын Қаныш Сәтбаевқа арнап, жыр сүйер қауымды тәнті етті. Байқау нәтижесі бойынша 1-орын Құсайын Дінжан, 2-орын Жаныбек Алия, 3- орын Ибадуллаева Балжан. Барлық қатысушыларға мадақтама және естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқауға белсене қатысып, шәкіртеріне білім нәрін сіңіруіне үлес қосқан Досанова Күләнда, Ракишева Роза, Султанова Катипа, Молдахметова Алданышқа алғыс білдіреміз.

 

Просмотров: 696 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]