Четверг, 02.05.2024, 14:47
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Март » 17 » «Бір ел - бір кітап» акциясы Ф. Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады
11:35
«Бір ел - бір кітап» акциясы Ф. Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады

Биылғы жылы акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша барша оқырман қауым бірлесіп оқуы үшін Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағы ұсынылды. Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынова ҚР Ұлттық Академиялық  кітапханасы ашылған бірінші күннен бастап, білім ордасының қамқоршысы, көптеген қызықты жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады. 2007 жылдан ол республикалық «Бір елбір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрайымы және қазақстандық жазушылар шығармашылығын насихаттауда, өскелең жастарды кітап оқуға  тартуда зор үлесін қосып келеді.

   Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004).

     1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде үстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.  1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген. 1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған.

   Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Есімізге Мұқағали ақынның  Фаризаға арнап  жазған өлеңіндегі мына шумақтар түседі:


Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады.

Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.

"Жүрек сенсің..." деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.

          Бар сияқты менде де сана шыдам,

         Жылағанды демеуге тағы асығам,

         Жасайын-ақ десем де бір астамдық,

          Қорқам ардың айбалта – жазасынан.
Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:

         Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,

         Жасқаншақтап күйеудей үрын келген.

         Айтар сөзін көмейге көміп қойып,

         Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.

Ақынның творчествосына тән басты қасиет — шындыкқа бас ию. Оның бүл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген "Сенің махаббатың" жинағындағы "Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы" атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.

1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Қүрмет Белгісі", "Парасат" ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. 

    Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары - сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Фариза Оңғарсынова әлі күнге қазақстандық поэзияның дамуына өз үлесін қосуда: ол «Тұмар» атты республикалық-көркем журналдың бас редакторы болып табылады, сонымен қатар жас талантты әдебиетшілерді қолдайды. Кітапханамызда жыл бойына Фариза Оңғарсынованың шығармашылық шеберлігін ашатын  көптеген іс-шаралар өткізілу жоспарлануда.

     Құрметті оқырмандар!  Сіздерді жетінші мәрте өтетін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысуға шақырамын!

 

Алтын Ілиясова,

қалалық кітапхана библиографы

Просмотров: 5424 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]