Суббота, 20.04.2024, 14:12
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2014 » Май » 4 » «Бір ел – бір кітап – 2014»
12:14
«Бір ел – бір кітап – 2014»

Жылдағы дәстүр бойынша ақпан айында Ұлттық Академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның аясында елімізде жаппай оқуға кітап таңдалынды. Оған жазушы  Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Ұшқараның...»  атты кітаптары алынды. Енді, міне, биыл бар ел болып осы шығармаларды оқитын боламыз. «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның берері көп. 2012 жылы акция арқасында  ұмытыла басталған жазушы О. Бөкейдің шығармаларын оқып, жаңа қырынан танып, білдік. Былтырғы жылы ақын Ф. Оңғарсынованың тамаша жырларымен таныстық. Ал енді биыл ұйымдастыру комитетінің шешімімен қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушы С. Мұратбековты оқитын боламыз. Айта кету керек, биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің жаңа төрағалығына академик Ғ.Есім тағайындалды. Естеріңізде болса, бұрын бұл қызметті ақын Ф. Онғарсынова атқарған.

         Жазушы Сайын Мұратбеков – әдебиеттің алып бәйтерегінің бірі. Бейімбет Майлин салған қазақ әдебиетіндегі көркемдік сөз өнері мектебін жаңа биікке көтерген классик жазушы. Оның «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Дос іздеп жүрмін», «Қалың қар», «Отау үй», «Жабайы алма» атты прозалық кітаптары да – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл қазына. 

         Осы акция аясында  Қалалық  балалар кітапханасында  балалар  бойына ермінезділікті қалыптастыру,табандылыққа, төзімділікке, қайраттылыққа тәрбиелеу,   әңгімені мазмұндау арқылы оқушылардың жүйелі сөйлей алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында  № 5 КМЛ  7 «б»  сынып оқыушыларының қатысуымен  Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі бойынша оқырмандар конференциясы   өткізілді. Шара барсында жүргізуші  оқушылармен презентация арқылы «Жусан иісі» повесін талқыға салды. Конференция қызықты өтті. Оқушылар сұрақтарға белсене жауап беріп, «Жусан иісі» повесіндегі бас кейіпкер Аянның «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталатын ертегісін өз нұсқаларымен  жалғастырды. «Бір ел - бір кітап» акциясы атты кітап көрмесінде шолу өткізілді. Шара соңында балалар кітаптармен танысты. Осы конференцияға  балаларды  дайындап, ат салысқаны үшін  № 5 КМЛ  кітапханашысы  Орынбасар Теміркенқызына Орталық қалалық кітапхананың басшысы және балалар кітапханасының меңгерушісі атынан алғыс хат берілді.

            Соғыс  салған жараны жазушы «Жусан иісіндегі» бір аяғын сылти басатын Аян бейнесі арқылы шебер бейнелеген.  Бұл шығарманы оқығанда соғыс жылдарындағы балалардың тағдырына жаны ашып егілмей бейжай қалатын жан болмас. 

Құрметті оқырмандар!  Жазушы С. Мұратбековтың шығармашылығымен танысамыз десеңіздер,  қалалық балалар кітапханасына келіңіздер!

Сіздер үшін есігіміз әрқашан ашық!

     

Ж.А. Аитбаева

Балалар кітапханасының

оқу залының кітапханашысы

 

 

Просмотров: 3684 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]