Понедельник, 06.05.2024, 14:36
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2014 » Февраль » 18 » «Бір ел – бір кітап – 2014»
10:30
«Бір ел – бір кітап – 2014»
    Жылдағы дәстүр бойынша ақпан айында Ұлттық Академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның аясында елімізде жаппай оқуға кітап таңдалынды. Оған жазушы  Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Ұшқараның...»  атты кітаптары алынды. Енді, міне, биыл бар ел болып осы шығармаларды оқитын боламыз. «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның берері көп. 2012 жылы акция арқасында  ұмытыла басталған жазушы О. Бөкейдің шығармаларын оқып, жаңа қырынан танып, білдік. Былтырғы жылы ақын Ф. Оңғарсынованың тамаша жырларымен таныстық. Ал енді биыл ұйымдастыру комитетінің шешімімен қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушы С. Мұратбековты оқитын боламыз. Айта кету керек, биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің жаңа төрағалығына академик Ғ. Есім тағайындалды. Естеріңізде болса, бұрын бұл қызметті ақын Ф. Онғарсынова атқарған. 
   Жазушы Сайын Мұратбеков  1936 жылы 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған.  ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі  Жоғары әдеби курсты бітірген. Туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер,  «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы,  Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы,  «Жазушы» баспасының директоры, ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.  Алматы баспаларынан орыс тілінде  «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте  өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
   Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.
«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.  «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  2007 жылы дүниеден озды. 
  Құрметті оқырмандар!  Жазушы С. Мұратбековтың шығармашылығымен танысамыз десеңіздер,  орталық қалалық кітапханаға келіңіздер! 
   Сіздер үшін есігіміз әрқашан ашық! 

                          Алтын Ілиясова, ақпаратты –библиографиялық бөлімнің жетекшісі, 
орталық қалалық кітапхана  

Просмотров: 2850 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]