Четверг, 25.04.2024, 12:41
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Сентябрь » 6 » «Білімнің мініп тұлпарын»
10:21
«Білімнің мініп тұлпарын»

1-қыркүйек білім күніне арналған «Білімнің мініп тұлпарын» атты

пікірталас сағаты №9 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

 «Білімнің мініп тұлпарын, Биікке құлаш ұрамын!» - деген жастар, «Білім дегеніміз – күш, Күш дегеніміз – білім. Білімдіден шыққан сөз - дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық» - екенін айтып өтті.

Шара барысында Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» дастанынан үзінді, М.Шахановтың «Отарар кітапханасы», Өтебай Тұрманжановтың «Білім» өлеңі оқылды.

Қазіргі таңда қоғамдағы және мемлекетімізді алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі – тіл мәселесі мен білім алу кең ауқымда талқыға түсті.

Кітапханашы арнайы қойылған кітап көрмесіне шолу жасап, Ұлы тұлғалардың еңбектерін таныстырып өтті. Данышпан Абай атамыз: «Мал да, дәулет те – оқу­да», - деп, ел болашағы – жастардың келешегін біліммен байланыстырған. Дүниенің кілті білімде екендігін кезінде Алаш жұртының қамы үшін күн күлмей, түн ұйықтамай қызмет еткен Ахмет, Мағжан, Шәкәрім тәрізді ұлт зиялы­ла­ры да туындыларының өзекті мәселелері ретінде көрсеткен. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды армандаған Сұлтанмахмұт қазақ жастарының рухани жан дүниесіне серпін беруге ұмтылғаны да айтылды.

Әлемдік жаһандану кезе­ңінде алпауыт елдерге жұтылып, жойылмаудың бірден-бір жолы – ұлтық салт-дәстүрлері­мізді бойына жинаған, білімді де білікті жастарды тәрбиелеу. Ол үшін тәрбиені отбасынан бастау қажет. Ұлттық музыканың да ұрпақ тәрбиесінде алар орны орасан. Жалпы, бала жас­тайынан өз ана тілінде білім алып, ғылымды да ана тілінде пайымдауы қажет. Мемлекет­тің қуаттылығы – адамдарының санында емес, сапасында. Бұл жердегі сапа – олардың білімі, біліктілігі, жаңа технологияларды ойлап таба біле­тіндей қабілет, қарымдылығы. Бізге ең қажеттісі – ұрпаққа бұл өмірде білімсіз өмірдің мәнсіздігін ұғындыру.

  

Просмотров: 939 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]