Суббота, 27.04.2024, 04:50
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Май » 5 » «Батыр қыздың ерлігі»
14:41
«Батыр қыздың ерлігі»

Жер бетінде адамзат баласы пайда болғаннан бері қаншама соғысты басынан өткізгенін санап айту мүмкін емес. Біздің заманымызға дейінгі уақытты айтпағанда қазіргі кездің өзінде қаншама қанды қырғындар, алапат соғыстар болып жатыр. Тарихқа көз жүгіртсек, осы сансыз соғыстардың ішіндегі ең жойқыны және ең көп адам шығынын алып келгені – Екінші дүниежүзілік соғыс екендігі белгілі. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталған қанды қырғын 1945 жылға дейін созылды. Соңғы деректерге сүйенсек, оның салдарынан 64 миллионға жуық адам қайтыс болған.

Соғысқа жетпіс екі ел қатысты. Қаншама қазақ баласы майданда ерлікпен қаза тауып, артындағы елі үшін, жері үшін жанын пида етті. Алғашқысы – мерген, екіншісі – пулеметші, үшіншісі – ұшқыш. Ерліктері сол соғыстың кезінде-ақ мойындалып, есімдері кеңге танылған. Хиуаз апамыз елге аман қайтып, күні кешеге дейін арамызда болды. Ал, өкінішке қарай, Әлия мен Мәншүк шайқас кезінде қаза тапты. Биыл осы қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туылғанына тура 95 жыл.

Студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жан аямас қиян-кескін соғыс тауқыметін бірге көрген қаруластар достығын, ондағы ер азаматтармен қатар күрескен батыр қыз Мәншүктің ерлігін үлгі ету Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орай «Батыр қыздың ерлігі» атты шара өтті. Шараға қатысушы тау-кен техникалық колледжінің студенттері презентация арқылы Мәншүк Мәметованың өмір жолымен танысып, «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында», «Мәншүк Мәметова» видео көрсетілімдерін тамашалады. Арнайы қойылған кітап көрмесімен де таныс болды.

 

Просмотров: 686 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]