Пятница, 26.04.2024, 01:33
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2012 » Апрель » 5 » Барлығымыз Оралхан Бөкейді оқимыз!
12:18
Барлығымыз Оралхан Бөкейді оқимыз!

Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған республикалық акцияның мақсаты - кітаптан алшақтап, интернеттен бас алмай кеткен  жастарды ояту. Олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.  Болашақта үздік кітаптардың тізбегінен «бір ел – 50 кітап» жобасын жасау көзделіп отыр.

Ұлы Абайдың "Қара сөздерінен” бастау алып, Мұхтардың "Қилы заманына”, Мағжанның "Жан сөзіне”, Жүсіпбектің "Ақбілегіне” жалғасқан бір ел болып, қауымдасып кітап оқуда "Енді кімнің кезегі?” деп елеңдеп отырған ел оқырмандарының сауалына Мәдениет министрлігі, Ұлттық академиялық кітапхана және Кітапханалар қауымдастығы "Оралхан Бөкей!” деп жауап беріпті. Енді еліміз болып Оралхан Бөкейдің әңгімелерін оқитын жыл келді. Осы орайда Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайында деректерді оқырмандарға ұсынуды жөн көрдім.

      Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Шыңғыстайдың Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебін тамамдап, сонда пионер вожатыйы, кейін "Алтай” кеңшарында тракторшы болып еңбек еткен.

1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап, өз өңіріндегі Большенарым ауданында "Еңбек туы” және Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы” газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды.

Таланты таныла бастаған дер шағында Алматыға келіп, "Лениншіл жас” (бүгінгі "Жас алаш”) газетінде және "Жұлдыз” журналында қалам сырына қанықты. Төселіп, шеберлігі шыңдалған қаламгер "Қазақ әдебиеті” газетін басқарды.

Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген қаламгер оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген "Қамшыгер” атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. "Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы, – деп жазды ол. – Менің жерлестерім – қазақтар – сом мінезді, шыншыл және ашық жүректі адамдар. Олар сиқырлағандай, ата-бабасы таңдаған кеңістікте өмір сүреді. Менің туған жерге адал жерлестерім өр мінезді, еңбекқор, ержүрек және шыншыл адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда маңдай терін төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын”.

Қаламгер "Қамшыгерден” кейін "Үркер” (1971 ж.), "Қайдасың, қасқа құлыным?” (1973 ж.), "Мұзтау” (1975 ж.) жинақтарын шығарды. Оралханның біраз туындылары орыс тіліне аударылды. Олар: "Жасынның ізі” (1978 ж.), "Ән салады шағылдар” (1981 ж.), "Сайтан көпір” (1984 ж.), "Зымырайды поездар” (1985 ж.), "Кісікиік” (1987 ж.) повестер мен әңгімелер жинақтары.

Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы атойлап тұрады. Шығармаларының әр тармағынан туған жерге ілтипаты танылады. Оның туған өңірі – еліміздің шығысындағы шұрайлы жер, табиғаты сұлу Шыңғыстай аймағы. Ол осы кіндік қаны тамған өңірді қара жердің қойнына енгенше сүйіп, тәнті болып өтті. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді.

Оның шығармаларының кейіпкерлері – ауыл адамдары – қойшылар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар. Олар рухани дүниелері бай, бітім-болмысы кіршіксіз, пәк ниетті жандар. Олар қиындыққа төзімді, өздеріне сенімді, адал да аңғал, ақ жүректі, кеңпейілді адамдар. "Сайтан көпір” повесіндегі мұз құрсауға түсіп қалған Аспан, "Ән салады шағылдар” повесіндегі қой отарын сұрапылдан аман сақтайтын шопан, "Қар қызы” повесіндегі ержүрек жас тракторшылар өз бейнелерінің биік парасатымен дараланатын тұлғалар.

О. Бөкейдің прозасы қайырымдылық пен зұлымдықтың тартысын нанымды бейнелейді. Адам бойындағы рухани құндылықтар жазушының шығармашылық мақсатын танытады. Қай шығармасын алмаңыз, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады.

Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.

О. Бөкей – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, "Молодая гвардия”, "Жалын” баспалары сыйлықтарының иегері.

Жазушы "Құрмет белгісі” орденімен, Қазақ КСР Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

1993 жылы, небары елу жасында Үндістанда іссапар кезінде кенеттен өмірден озды.

"Бір ел – бір кітап” акциясының аясында өңіріміздің кітапханаларында үстіміздегі айдан бастап Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған тұсаукесерлер, конференциялар, кездесулер, көрмелер, кештер өткізіледі.

    Құрметті оқырмандар! Егер, сіздерді О. Бөкейдің шығармашылығы мен өмір жолы туралы тың деректер қызықтырса, онда орталық қалалық кітапханаға  келіңіздер!

Алтын  Ільясова,

кітапхана библиографы

Просмотров: 5393 | Добавил: passim33
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]