Воскресенье, 05.05.2024, 16:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Октябрь » 1 » Балалар кітапханасындағы шара
12:05
Балалар кітапханасындағы шара

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды. 

2013 жылдың халық жаппай оқитын кітабы ретінде, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты  лирикалық жыр кітабы ұсынылды. Осыған орай, акция аясында 26-қыркүйек күні қалалық балалар кітапханасы  ақынның шығарамашылығына арналған  «Поэзия шолпаны» атты  әдеби кешін ұйымдастырды. Кітапханамыздың  шаңырағында өтетін әр іс – шараның мақсаты, өскелең ұрпақты поэзияны сүюге, ақынның  жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, жерін сүюге, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Осы орайда,  кешімізге келген қаламыздың №5 КМЛ 7-сынып оқушылары акцияға байланысты өз пікірлерін білдіріп, ақын жайлы көптеген мәлімет алды. "Бір ел – бір кітап” акциясына арнайы  кітап көрмесі қойылып, оған ақынның шығармалары, өлеңдер жинағы, әр жылдарда мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, жылы лебіздерге толы дүниелер оқырман назарына ұсынылды.
Оқырмандарға бұндай ізгі шаралар әлі де жалғасын таба бермек. Кітапханамыз арқашан өз оқырмандарын құшақ жая қарсы алады!

Арапбаева Гүлбану Шералықызы
Қалалық балалар кітапханасы, 
жасөспірімдер бөлімінің кітапханашысы

Просмотров: 1459 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]