Суббота, 04.05.2024, 22:31
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2014 » Февраль » 5 » Балалар кітапханасына шақырамыз!
16:08
Балалар кітапханасына шақырамыз!
Мемлекеттің, жеке адамның жан-жақты дамып толысуына бірден-бір
қажетті нәрсе ғылым болса, сол ғылымның негізі кітапта жатыр. Кітаптың
сақталуы мен жинақталуы, калың көпшіліктің кәдесіне жарауы, ақпараттық
ортаның қалыптасуы кітапхананың кызметіне байланысты. Сондықтан да
біздің қаламыздағы балалар кітапханасы бүлдіршіндермен  жасөспірімдердің рухани баюына, жалпы өсіп-өнуіне, дамуына ықпал ететін үлкен жүйе болып табылады.
Қазіргі қоғамдық жаһандану жағдайында балалар кітапханасы болашақ Қазақстанның өскелең ұрпақтарын жаңашылдыққа тәрбиелеуге жағдай жасауы тиіс, сол арқылы балаларды шағармашылыққа баулып, экономиканың, қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына қарай дағдылануына әрі алдағы өмірлерінде аса қажетті маман болуына мүмкіндік береді.
 «Кітап-білім бұлағы, оны сүйіңдер!» -деп М.Горкий айтқандай, кітап балалар үшін қуаныш-қызық қана емес, тәрбие бастауы.
Кітапқа деген құштарлық балаға алғаш мектеп есігін ашқаннан пайда болады. Әліппені қолға алып, бірінші әріппен танысқаннан бастап, кітап әлеміне, оқуға деген құштарлық оқушыны кітапханаға қарай жетелейді. 
Кітапханада әр оқушының жеке кітап оқуы ынтасы мен ерекшелігі зерттеліп, қабілетіне қарай әдебиеттер ұсынылады, библиографиялық шолу, дауыстап оқу, ауызша әңгіме айту тағы да басқа библиографиялық жұмыс түрлері жүргізіледі. Оқырмандарды кітапхана тіршілігімен қызметімен таныстырады. Кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алып ғылыми, кәсіби және саяси санасының қалыптасып, білім дәрежесінің дамуына әсер ету, оқушыларға кітап таңдап алуға және онымен жұмыс жасай білуге көмектеседі.
Кітапханада балаларды кітап пен оқуға тарту, жеке тұлғаны азаматтық белсенді ұстанымда тәрбиелеу, сондай-ақ жас буынның бойында туған жер, Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында «Алтын оймақ», «Балақай», «Жыр жауһар», «Читайка» атты клубтар осы жылдан бастап өз жұмыстарын бастайды. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың оқуына ден қойып, кітапханамыздың оқырманы болуына мүмкіндік беріңіз!  Кітап ордасында апта сайын түрлі іс-шаралар өткізіліп, қызықты кітаптар, журналдар мен газеттер өз оқырманын күтуде! 
Ұйымдастырылып отырған мұндай шараның барлығы да Елбасымыздың «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген бағыт-бағдар бойынша жүзеге асырылып жатқан жастар тәрбиесіне қатысты жұмыстардың бір бөлігі. Осы мақсатта жас ұрпақты өнер мен білімге, еңбек сүйгіштікке олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет.
         Құрметті балалар, келешегі кемел кітапхана ордасының оқырманы, ұйымдастырылып отырған клуб мүшелері болуға шақырамыз! 

Балалар кітапханасының меңгерушісі
Индира Арапбаева 

Просмотров: 1773 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]