Четверг, 02.05.2024, 09:22
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Октябрь » 10 » Қазақстаным – байтақ елім
17:11
Қазақстаным – байтақ елім

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстаным – байтақ елім» атты поэзия марафоны еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту және Тәуелсіздікті жырлап өткен ақын, жазушыларымыздың еңбектерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға тау-кен техникалық колледж студенттері қатысты. Шара барысында кітапханашы қазақ елінің тарихынан бастап, желтоқсан оқиғасы және оның құрбандары жайлы айтып өтті. Шараға қатысушылар тәуелсіздік үшін құрбан болған жандарға арнап, еске алу жыр шумақтарын оқыды.

Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олардың қазақ елінің Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерін, нақыл сөздерін оқыды, видео, презентация көрсетілді.

Студенттер қазіргі қазақ әдебиетінің ақындары Фариза Оңғарсынова, Тұманбай Молдағалиев, Исраил Сапарбаев сынды бірқатар ақындардың жырларын тарту етті.

«Кең байтақ қазақ елі» атты электронды танымдық ойын ойнатылды. Қатысушылар шараға арнайы қойылған кітап көрмесімен танысып, өздеріне ұнаған тақырыптардағы үзінділерден оқып ой бөлісті.

Просмотров: 822 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]