Четверг, 25.04.2024, 16:25
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Декабрь » 9 » Қазақстан: 25 жылдан кейін
09:57
Қазақстан: 25 жылдан кейін

Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау мақсатында орталық қалалық кітапханада Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан: 25 жылдан кейін» атты тарихи шежіре кеші өтті. Шараға №4 дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектебінің оқушылары қатысты.  Міне биыл тәуелсіздігіміздің таңының арайлап атқанына 26 жыл! Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің айшықтары саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Қазақ елі өзінің ұлттық нақыштағы, сан қилы өнерімен, ұлттық аспаптары, ұлттық биімен, әсем әуенімен әлемге танылды.  Кеште ұрпағына жарқын болашақ тілеген ұлы бабаларымыздың, сонымен қатар, тәуелсіздікті жырға қосқан елімізге белгілі ақын-жазушыларымыздың өлеңдері оқылды. Шара барысында егемен еліміздің қалыптасуынан, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткен жетістіктерінен сыр шертетін «Тәуелсіз Қазақ елі» атты бейне фильм көрсетіліп, ел тірегі Елбасының арқасында бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктеріміз атап өтілді.

Просмотров: 566 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]