Четверг, 02.05.2024, 16:21
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Май 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Май » 22 » «Қазақ даласының батыры»
15:27
«Қазақ даласының батыры»

Қазақтан шыққан тұңғыш балуан қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың спорттағы ерлігімен, өмірімен жастарға таныстыру мақсатында 130 жылдық мерей тойына арналған іс-шара өткізілді. Шараға араға №5 КМЛ 6-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында презентация, видио көрсетіліп, арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырылды.


                     Өмірдің өзенінде жылдар ағып,

                      Келешек келе берер күн жаңарып.

                      Жақыннан кейде оны байқамасақ,

                     Алыстан өсе берер тұлғаланып», - деп ақын Сырбай Мәуленов ағамыз айтқандай, алып күшімен әлемді дүбірлеткен Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды  мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1883 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның  1871жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан. 
Ішінде күштілердің болдым астам. 
Талай-талай жерлердің дәмін татып, 
Өтті дәурен осылай біздің бастан

Мұқанның анасы Кәбира ол өмірге келгенде қайтыс болады да, әжесі Айсары 16 жасқа дейін өзі өсіреді. Жас кезінде Мұқан басқа балалардай айғайлап жүгірмейтін, ауыр жүк арқалағандай жайлап қана жүретін болған. Өзге балалар асықпен ойнаса, ол сиыр, жылқының топайын жинап өз алдында жеке ойнайтын болған. Басқа балаларға тиіспейтін, ал өзіне тигенді аямайды екен. Балпаңдап қаша да алмайтын бала болыпты, ал ересектер ұрысып, ұрса жыламай тек көзінің қиығымен қарап тұра беретін болған. Жас кезінде бойы 1м 86см, салмағы 130 кг. болса, қартайғанда салмағы 178 кг, бойы 1м 98 см болған екен.

Қазақ спортында зиялы қауымның осынша көл-көсір махаббатына бөленген Қажымұқаннан басқа мықтыны таба алмайсыз. Жасы жетпістен асқан шағында екінші дүниежүзілік соғысқа арнап ұшақ жасатқан Қажымұқан біртуар балуан ғана емес, елін, жерін шексіз сүйген ер екенін дәлелдеді емес пе. Алланың берген табиғи күшімен, ғажап өнерімен ауыл-ауылды аралап тапқан қаражатын жетім-жесірге үлестіріп жіберіп, өзі ас-судан тарылып, жоқшылықтың тауқыметін тартқан мәрттігін қалай ұмытамыз. 

Қоғаммен байланыс әдіскері

И.Ш.Арапбаева

 

Просмотров: 1316 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]