Вторник, 30.04.2024, 13:52
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Февраль » 21 » Алаш зиялыларының көсемі, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140жыл.
10:22
Алаш зиялыларының көсемі, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140жыл.

Кітапханада биылғы жылы ашылған «Әдебиет әлемі» клуб лекторийінің алғашқы дәрісі - Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы, ғалым, ақын А.Байтұрсыновтың 140-жылдық мерей тойына және «Қазақ әліпбиінің» жарық көргеніне 100 жыл толуына орай қаңтардың 21 жұлдызында № 4 Дарынды балаларға арналған облыстық орта мектеп интернатының 9 «а», 9 «б» сынып оқушыларына іс-шара өткізумен бастады.

Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, болмысымыз жоғалып кетпес үшін қазақ ұлттық әдебиетінің, тіл білімінің, тарихи мәдениетінің негізін салған кісінің кім екендігін ұмыттырмай, «Өткеніміз арқылы болашақ болады» дегенді бүгінгі ұрпаққа танытып дәріс беру мақсатында іс-шаралар өткізілді.

Ең әуелі балалардан А.Байтұрсыновтың кім екендігін, қандай еңбектерін білетіндері жайлы ауызша сұрақтар қойылып, көптеген мәліметтер берілді.

Ал, қаңтардың 23-жұлдызында А.Косарев атындағы № 9 орта мектептің 7 «а», 8 «б» сынып оқушыларымен бірлесіп «Алыптың алыбы» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді.

Қоғам қайраткерінің өмірі жайлы презентация көрсетіп, екі жүргізуші кезек-кезек мәлімет берді. Кітапханашы Ахметтің шығармашылығы жайында кітапханада бар кітаптарды презентация арқылы көрсетіп және арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырып өтті. Оқушылар «Сөз иесінен», «Жазушының қанағаты», «Туысыма», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Анама хат» сынды  т.б. өлеңдерінен үзінді оқыды. Ахметтен қалған естеліктер жайында қысқаша презентация-фильм көрсетілді және қазіргі таңда Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов тұрған үй мұражайға айналғандығы, онда сақталған заттар жайлы мәлімет берілді. Мектеп оқушылары А.Байтұрсынов жайлы ғалымдардың айшықты ойларын оқып, Ән шырқап, қазақтың қара домбырасымен күй шертті. Шараның соңында жүргізуші қатысқан оқушыларға және оларды дайындаған мұғалімдеріне алғыс айтып, алғыс хат табыс етті.

Дарынды ақын-аудармашының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақтың жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.

 

Орталық қалалық кітапхананың қоғаммен байланыс әдіскері

Арапбаева Индира

Просмотров: 3508 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]