Понедельник, 29.04.2024, 12:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Апрель » 17 » Аяулы анашым
11:30
Аяулы анашым


Өмірге ана – бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол – дүниеде ең ардақты адам, Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған
.

Жер-Ана, тіршілік атауы мейірленген көктемнің жаймашуақ күнімен қайта қауышты, ал міне осы кезеңде біздердің де асыға күтетін адамзат баласына өзінің жылы құшағын ашатын балаға деген махабатын нұрландыра шашатын Аналар мерекесі келіп жетті.

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», деген сөз тегін айтылмаса керек. Еліміздің ертеңі болатын ұл-қыздарымызды тәрбиелеп, азаматтарға сенімді сүйеу болып қана қоймай өмір деген белестерде білек сыбана қызмет атқарып жатқан ақ жаулықты әжелерімізге , ардақты аналарымызға мың тағзым!

Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының, бақыттың керегі жоқ. Балалардың аналарына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, мейірімді бола білуге үйрету мақсатында «Аяулы анашым» атты мерекелік іс-шара 2-наурыз күні «Атамекен» клубымен бірлесіп жүргізілді. Шара Мәди мен Темірланның қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп күй шертуімен басталды. /Экраннан презентация көрселіп тұрды/



Оқушылар шараның өтуіне үлкен қосты. Қазақтың қара торы қыздары Абишева Гаухар, Амангельдинова Аружан, Пазылова жансая, Уразбекова Асель мың бұралып би биледі.


Нұрғазиева Альбина, Әзірбаева Бақтыгүл, Мәуленова Гүлнұр, Мұхамадиянов Ахмадия т.б. балалар Аналарына арналған жыр шумақтарын оқып, «Әжесі мен Бағлан» атты сахналық көріністен үзінді көрсетілді


Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды – деп мерекелік шара аяқталды.

Іс-шара соңында жиналған жастар қол өнер көрмесімен кітап көрмесінде тамашалап, мол мәлімет алды.

                                                                                          ИНДИРА АРАПБАЕВА



Просмотров: 1267 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]