Воскресенье, 05.05.2024, 15:41
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Ноябрь » 11 » «Абай жолы» романына 65 жыл
15:41
«Абай жолы» романына 65 жыл
М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазған. 
Адамды өмір сүруге ұмтылдыратын, сол өмірді сүйіп, бағалауға тәрбиелейтін «Абай жолы» сияқты таңғажайып шығармада, жан тебірентер әр түрлі қылық-мінездерімен, іс-әрекеттерімен бірін-бірі қайталамай толықтырып отыратын, қиналыс-ізденісі, сүйініш-күйініші еріксіз елжіретіп, өзіне тартатын бір топ әйелдер бейнесін жасады.
Алғашқы басылымдарынан-ақ, жас Мұхтардың ой-өрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің молдығы қалыптаса бастаған азаматтық парасатының шамасы жақсы аңғарылады.
Осындай құнды дүниені насихаттау мақсатында қалалық балалар кітапханасында  «Абай жолы романына 65 жыл» атты ұлттық кітап күніне  арналған іс-шара   №5 КМЛ  5 сынып  оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында шара Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығынан ведио көрсетілімімен басталды. Жүргізуші презентация арқылы ақынның «Абай жолы» романынан мәлімет берді. Абай Құнанбаев туралы слайд және Абай пьесасынан бейнеклип көрсетілді. «Мұхтар Әуезов әлемі» атты кітап көрмесіне қойылған кітаптардан мәлімет берілді. Шара соңында балалар кітаптармен танысты.












Қалалық балалар кітапханасының 
жас өспірімдер абонементінің кітапханашысы
Гүлбану Арапбаева

Просмотров: 1503 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]