Пятница, 26.04.2024, 05:17
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Книги для ознакомления

Туған өлкем неткен көркем!
03.05.2012, 16:41

Өз елім менің
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
  /Қадыр Мырзалиев/
Степногорск қаласының атаулы күндері

1962 жыл
Осыдан 50 жыл бұрын:
* ЖЭО /ТЭЦ /құрылысының бірінші кезеңі басталды
* Ерейментау – Ақсу және Ақсу – Промышленная стансаларының темір жол бойлары жұмысқа қосылды
* Ең алғашқы 2 қабатты үйлер пайдалануға берілді
* № 1 шағын ауданда 960 оқушыға арналған мектеп пен балабақшасының құрылысы басталды 
* 200 орындық аурухананың басты корпусының қабырғасы көтерілді
* «Юность» кинотеатрының құрылысы басталды
* Заводской кентінде 320 оқушыға арналған мектептің құрылысы
  аяқталды

1967жыл
Осыдан 45 жыл бұрын:
* Қараша айында күкірт қышқылы мен
* минералды тыңайтқыштар шығаратын химия зауытының
  құрылысы басталды
* Тау-кен металлургия зауытының бірінші кезегінде іске қосылатын кешен құрылысы аяқталды 
* ЖЭО-ның /ТЭЦ/ екінші кезегі іске қосылды
  №2 турбина, № 3 қазан)
* № 2 шағын ауданында 140 және280 орындық бала бақшаларының  
  құрылысы аяқталды
* Ең алғашқы АТС (телефон станциясы) пайдалануға берілді

1972 жыл
Осыдан 40 жыл бұрын:
* Құрылысы басталған подшипник зауытына автопром министрлігі бұйрығымен 30 наурызда басшылық тағайындалды. Алғашқы директор – Петухов Александр Андреевич
* Аурухананың басты корпусы және санитарлық-эпидемиялық стансасы іске қосылды
* Қала прокуратурасы құрылды. Алғашқы қала прокуроры – Зорин Н.М.
* Қала соты жұмысын істей бастады. (Сот төрағасы – Жерлицин П.В.)
* Қалалық ішкі істер бөлімі ұйымдастырылды (ҚІІБ-нің алғашқы басшысы Князев А.Д.)
 
1977 жыл
Осыдан 35 жыл бұрын:
* 5 ықшамауданында 2352 оқушыға арналған № 6 эксперименттік мектеп салынды
* 650 орындық кеңформатты «Айгүл» кинотеатры іске қосылды. (Ресми ашылуы 1978 жылғы 5 қаңтарда өтті. Алғашқы директоры Симашко Л.Т.)
* СПЗ ғимараттары кешенінің алғашқы кезегі іске қосылды. 29 желтоқсанда бірінші подшипник шығарылды.
* «Орбита» санаторий-профилакторийі ашылды
* «Лотос» рестораны ашылды (кейін «Қазақстан» деп аталған, қазіргі уақытта «Астор»)
* «Счастливое детство» хореографиялық ұжымы құрылды (жетекшісі Войтова В.Я.)
 
 
1982 жыл
Осыдан 30 жыл бұрын:
* ГПЗ подшипниктары Мемлекеттік сапа белгісіне ие болды 
* ГПЗ-16-ға қарасты «Лесная сказка» балалар комбинаты іске қосылды
* 24 қыркүйекте «Казахстанский подшипник» газетінің бірінші саны жарық көрді (алғашқы редактор - Головина В.Н.)
* «Биомедпрепарат» ғылыми-өнер-кәсіптік кешеннің құрылысы басталды
 
1987 жыл
Осыдан 25 жыл бұрын:
* 25 желтоқсанда - Салтанат Сарайы іске қосылды
* Алқабы 6 гектар жерді алатын көкөністік жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды
 
1992 жыл
Осыдан 20 жыл бұрын:
* 16 қыркүйекте - ҚР Президенті Н. А. Назарбаев Степногорск қаласына іс-сапармен келді  
* Степногоск қаласында гуманитарлық-техникалық колледж ашылды 
* Қала әкімшілігінің бастамасымен «Стелла» телекомпаниясы құрылды (алғашқы директор Юмакулов Р.Х.)
* ГМЗ-да алғашқы алтын құйманың 9999 сынамасы (проба) алынды.
 
1997 жыл
Осыдан 15 жыл бұрын:
* ҚР Академиялық халықтық хор атағы Литвинова Нина Геннадьевна жетекшілігіндегі хорға берілді
 
2002 жыл
Осыдан 10 жыл бұрын:
* Степногорлық ән авторларының бірінші фестивалі өтті. Ұйымдастырушы Каплевский Юрий Иванович
* 15 ақпанда «Таңшолпан» балалар және жасөспірімдер ұйымы құрылды
* Алматы экономика және статистика академиясының филиалы ашылды 28 маусымда православ шіркеуі ашылды
 
2007 жыл
Осыдан 5 жыл бұрын:
* 7 қыркүйекте Рамазан айының қарсаңында мешіт ашылды. Ол Паң Нұрмағамбет (Нұрмағамбет Сағынаев 1848-1926 жж.) есімімен аталды
* 10 қыркүйекте Халыққа Қызмет Көрсету орталығы (ХҚКО) ашылды
ЖШС «Биоком» іске қосылды (жер қыртысын тазалауға арналған және т.б. биопрепараттар жасап шығарушы биокомбинат)  
 
 
  Құрметті Оқырман!
Жыл өткен сайын жасарған қаламыздың тарихы, қалаға еңбегін
сіңірген азаматтары туралы білгіңіз келсе кітапханаға
шақырамыз! Қала мен өңіріне қатысты толық мәліметті орталық
қалалық кітапхананың жүйелі және электрондық өлкетану картотекасынан алуға болады.





Категория: Книги для ознакомления | Добавил: passim33
Просмотров: 3165 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]