Суббота, 20.04.2024, 05:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Сценарии наших мероприятий

Әдеби кеш «Ж Ы Р – Ж А Ң Б Ы Р»
04.04.2012, 11:20
Кештің сценариі
«Ж Ы Р – Ж А Ң Б Ы Р»
1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!
- Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағалары баршылық.
2-жүргізуші:
- Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды жерлесіміз Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Жанбаев Полатбек Тілләбайұлына арналған «Жыр жаңбыр» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
- Бүгінгі кешіміздің мақсаты – ақын туралы, елі елеңдеп жүрген елгезек ер туралы ой-пікірімізді айту, оның өлеңдерімен танысу.
2-жүргізуші:
- Олай болса, ақын, журналист, сатирик Жанбаев Полатбек Тілләбайұлын қошеметтеп кешіміздің төріне шақырамыз.
(Жанбаевты төрге шақыра отырып, гүл шоғын ұсыну)
(Презентация)
1-жүргізуші:
- Автор жайлы айтар болсақ, Полатбек Тілләбайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысына қарасты Тамды ауданындағы «Аяққұдық» ауылдық Кеңес аумағындағы Ленин атындағы ұжымдық шаруашылықтағы шаруа жанұясында дүниеге келген. 1980 жылдан бері өлең жазумен айналысатын қаламгер қазір кемелдене түскен шағында. Ол проза, поэзия, сатира саласында өнімді қалам тартып жүр. 1985 жылдан бері журналистика саласында еңбек етеді. Ташкенттен шығатын республикалық «Нұрлы жол», Тамды аудандық «Тамды шаруагері» газеттерінде еңбек етті. 1987 – 1993 жылдары Алматы қаласындағы ҚазМУ – дың журналистика факультетінде оқыған.
2-жүргізуші:
- Полатбек Жанбаевтың жеке және ұжымдық авторлар топтамасында кітаптары жарық көрген. 2001 жылы Ташкент шаһарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген халықаралық журналистер байқауында жүлделі 3-орынды иеленген. 2005 жылдан «Степногорск ақшамы» газетінде еңбек етуде, қазір осы газеттің редакторы.
Жанұялы, жолдасы Қалдыгүл Көшекқызы, балалары: Манас, Қарашаш, Нұрсұлтан.
Полатбек Тілләбайұлы талай байқаулардың жүлдесін жеңіп алған. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне өткен ақындар мүшайрасында Ақмола облысы бойынша 1 – ші орныды иеленген.
1-жүргізуші:
(Кітап көрмесі)
- Сіздердің назарларыңызды Полатбек Тілләбайұлының жетістіктері мен шығармашылығына арналған «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен  » көрмесіне аударуларыңызды сұраймын. 
- Ал, енді сөз кезегі «Мемлекеттік тілдерді оқыту» орталығының басшысы Сейтназаров Молдабек Бердіқабылұлына беріледі.
- Жуық арада Полатбек Жанбаевтың кітабы жарық көрмек. Біз осы өлеңдер жинағыңызды сізбен бірге асыға күтудеміз.
- Полатбек аға, осы «Жыр жаңбыр» жинағы туралы қысқаша айтып берсеңіз! Бұл жинаққа қандай өлеңдер енді?
- Ал енді, мектеп оқушыларынан осы кітапта басылып шығатын туған жер, тәуелсіздікке арналған өлеңдеріңізді тыңдасақ.
1. №9 мектептің 9 «в»сынып оқушысы Әділхан «Елбасым» өлеңі
2. Халилоллаева Меруерт 8 «в»сынып «Әнұраным» өлеңі
3. Талғатов Мұхтар 9 «в» «Қазақстан жалауы»
4. Тойлыбаев Айтқұл 9 «в» «Елтаңбам»

(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Есенберді Алибаевтің жыр шашуы

2-жүргізуші:
- Полатбек Тілләбайұлы, Сіздің ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты, алғашқы ұстаздарыңыз кім болды?
- Ал өз балаларыңыз сіздің жолыңызды қуып, өлең жаза ма?
- Қарашаш, сіз өлең жазарда немесе жазған соң әкеңізбен ақылдасасыз ба?
- Әкеңіздің өлеңдерін жиі оқисыз ба? Олардың ішінен сізге ерекше ұнайтыны бар ма? Оқып берсеңіз!
1. №9 мектептің 9 «в» сынып оқушысы Қалбаев Мұхтар «Бауырларыма»
2. Ізтілеуов Амангелді 9 «в» «Балаларыма»
1-жүргізуші:
- Өзіңіздің жан жарыңыз туралы не айтып бере аласыз? Ол кісі қандай адам? Немен айналысады?
- Полатбек Тілләбайұлының махаббат лирикасына арналған өлеңдерін
мектеп оқушылары оқып береді.
1. №5 көпсалалы мектеп – лицейінің оқушылары«Жан жарым
»,  «Сені сүйдім» өлеңдерін оқиды.
(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық сәлемі

2-жүргізуші:
Журналист кім, жазғыш емес ол тегін,
Журналистің бағалай біл еңбегін... – деп, «Журналист» деген өлең де жазған екенсіз. Жалпы Журналистикадағы алғашқы қадамдарыңыз жайлы еске түсіре кетсеңіз...

- Келесі сөз кезегі Полатбек Жанбаевтың әріптесі Қалиева Жұлдыз Жүсіпқызына беріледі.

1. №5 көпсалалы мектеп – лицейінің оқушысы Ташполатова Құралай «Журналист» өлеңі
2. Көлбаев Темрлан «Полицияшы» өлеңін жатқа оқиды

1-жүргізуші:
Қандай әсем жасыл әлем қаптаған,
Сөз жете ме сымбатыңды қаттасам.
Қарағайлы ормандарың бір ғажап,
Сендей керім кербез жерді таппағам - деп, ақынымыз әсем қаламызды, табиғатты көркем бейнелеген.
1. №9 мектептің 8 «в» сынып оқушысы Сырбаева Альбина «Степногор»
2. Бертаева Әйгерім 8 «в» «Көкшетау табиғаты»
3. Орынбасарова Балжан 9 «в» «Қыс мінезі»
4. Жұмағалиев Еркебұлан 9 «в» «Көктем келді»

(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық жыр шашуы


Залда отырған мектеп оқушыларының сұрақтары:
- Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар? Болашақта сіздің тағы бір кітабыңызды көріп қаламыз ба?

- Өзіңіздің шығарған өлеңдеріңіздің ішінде жаныңызға жақыны қайсысы? Оқып бере аласыз ба? Т.б.

2-жүргізуші:
Полатбек Жанбаевтың «Қанарбай ата», «Жаңа Тамды», «Бауыржан» атты әндері бар.
Бәрекелді, кемелді
Жүзге жетсін жасыңыз!
Білімге бөлеп көп елді,
Асулардан асыңыз.
Күмбірге толы сырлы әлем,
Мереке әнмен жалғансын.
Музыкалық бір сәлем
Тыңдарманға арналсын!
Қазіргі тыңдайтын әндеріңіз «Жаңа Тамды» өлеңі, орындайтын ақын ағамыз өзі.
1-жүргізуші:
- Сіздің жиналған қауым – Отанымыздың болашағына айтар қандай тілегіңіз бар?
2-жүргізуші:
- Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!




Дайындаған : Арапбаева И.Ш.



Категория: Сценарии наших мероприятий | Добавил: manap
Просмотров: 13165 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]