Четверг, 21.11.2024, 15:14
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Жыр тұлпары – Дулат Бабатайұлы

Жыр тұлпары – Дулат Бабатайұлы

«Дулат жырларының күш-құдреті оның көркемдық қуаты,

мазмуұн байлығымен қатар, замана келбетін бар

бедерімен көрсете білген шыншылдығында»

                                                                                                         М. Мағауин.

 Бабатайұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] / Дулат Бабатайұлы: Өсиетнама: өлендер мен дастандар. 1 кітап.- Алматы, Раритет, 2003. - 288 б.

Дулат Бабатайұлының шығырмалары «Өсиетнама»  жинағы негізінде бойынша үсынып отыр. Қос кітаптан тұратын бұл томдыққа біздің заманымызда бұрмалаған,қысқарған көптеген туындылары, шумақ  жолдары қалпына келтіріліп, 19 ғасырдан бері жұртшылыққа беймағлум қыруар толғаулары енгізілді. Мәңгілік мұра тағылымын әр қырынан талдайтын ғылыми таным ізденістері де қең қамтылған. 

 

 Бабатайұлы, Д. Еспенбет [Мәтін] / Дулат Бабатайұлы // Алмас қылыш - Алматы: Жалын, 1993. - 155-191 б.

Әділ би Есенкельді бабамыз және ел данқындай Ер Қосайдың қолында өсіп, он төрт жасында бастап атақты Қабанбай, Ақтанберділермен тізе қоса, қайратымен жау тоқтатқан Еспенбет жайында Дулат ақын жырлаған осы аттас толғау.

 Дулат жырау (1802-1871) [Мәтін] / Дулат Бабатайұлы // Нар заман мен зар заман поэзиясы. - Алматы: Раритет баспасы, 2002. - 134-149 б.

Көп заман бұрынғы көне дәуір-дәурендерде ұлттық рух ұраны бастауында тұрып, ел ұйткысына айналған ең көрнекті ақын-жыраулар поэзия антологиясында Дулат Бабатайұлының да жыр-толғаулары еңгізілген.

 Бабатайұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] : өлендер, дастандар, мысал—өлендер. Зертеулер, пікірлер / Дулат Бабатайұлы. - Алматы: Раритет, 2013. - 296 б.

20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының шығармалары -әдебиетіміздің асыл мұрасы. Өз дәуірін барынша батыл, өткір тілмен жырлаған ақын өлең-жырларының айтары да мол, көркемдігі де кемел. 

 Екімыңжылдық  дала жыры [Мәтін] / бас. ред. Ә. Нысанбаев. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2000. – 174-180 б. 

Қазақ  поэзиясының екімыңжылдық тарихын қамтитын бұл кітапқа біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген Заратуштра, Анахарсис бабаларымыздан бастап бүгінгі жас ақындарға дейінгі талантгы тұлғалардың ең жауһар жырлары енді.
Қазақстан мен  Орта Азия тарихында тұңғыш рет жарық көріп отырған бірегей поэзия антологиясы қалың оқырман кдуымның қастерлі бір мүлкіне айналып, алыс-жақын шетелдердегі зиялы қауымның да қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Қазақ жырын мазмұн мен тақырып, түр мен көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ақын . Дулат отаршылдықтың зорлық – зомбылығына қарсы бірінші болып үн көтерген ақын. Бұл кітаптың 174-180-ші беттерден оқисыздар.

 Бабатайұлы, Д. Еспембет [Мәтін] / Дулат Бабатайұлы // Қазақтын 100 поэмасы. - Алматы: Жазушы, 2013. - 8-24 б.

Дулат Бабатайұлы шығармаларының ішінде шоқтығы биік туындылары қатарында «Еспембет» дастаны ерекше орын алады. Зерттеуші Х.Сүйіншәлиев: «Дулаттың «Еспембет» дастаны –халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжетіне жазылған ерлік поэма. Ол халықтың батырлық эпосы   Жыр үлгісіндегі бұл дастан, елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде жазылған. Қазақ даласындағы қанқұйлы соғыстың, ерлікке толы күрестің бір үзік шежіресі деп білеміз.

 Дулат Бабатайұлы (1802-1871) [Мәтін] // Бабадан қалған асыл сөз. - Алматы: Раритет, 2015. - 65-78 б.

Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері – елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осы жинақта Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылыр мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскері қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.

 Дулат [Текст] // Поэты Казахстана - Л.: Советский писатель, 1978. - С. 181-197.

Сборник стихов Дулата впервые был издан 1880 году в Казани. В годы Советской власти произведения поэта неоднократно печатались в сборниках, хрестоматиях, входили в антологии казахской поэзии.

 Бабатайұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] / Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы т. б. - Алматы : Нұрлы Press. kz, 2014. - 288 б. - (Ақындар аманаты). 

Дулат Бабатайұлы - өленді жазатын да, суырып салып айтатын үлкен тұлға, қазактың авторлық ауызша және жазба әдебиетіндегі елеулі тұлға.
Махамбет Өтемісұлы - жыраулар дәстүрін жалғастырған, қазақ поэзиясының көркемдік болмысына зор қуатпен әсер еткен біртуар ақын. Өлеңдеріндегі өшпес ерлік рухының әр ұрпақты тәрбиелеуде маңызы ересен.
Заманы бір болғанымен,әр өлкеде өмір сүрген басқа да белгілі ақындардың шығармалары бұрынғы басылымдарынан және мұрағаттардан алынды.
Бұл кітапқа «Бараққа», «Кеңесбайға» т. б. өлеңдерін оқисыздар.

 Бабатайұлы, Д. Тұнық тұма [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар, сын - зерттеу, көзқарастар / Дулат Бабатайұлы. - Алматы : Раритет, 2002. - 288 бет. - (Қазақ жыры). 

Абай дәуіріне дейінгі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр және көркемдік тәсілдері жағынан байытып, жаңа биікке көтерген Дулат Бабатайұлының шығармалары «Өсиетнама» жинағы бойынша (Қазан, 1880) тұңғыш рет ұлы ақынның 200 жылдық мерейтойына орай толық нұсқасында ұсынылып отыр. Қос кітаптан тұратын бұл томдыққа біздің заманымызда бұрмаланған, қысқарған көптеген туындылары, шумақ-жолдары қалпына келтіріліп, XIX ғасырдан бері жұртшылыққа беймағлұм қыруар толғаулары енгізілді. Мәңгілік мұра тағылымын әр қырынан талдайтын ғылыми таным ізденістері де кең қамтылған. Бұл кітапта «Тұнық тұма». «Өсииетнама» өлеңдер мен дастандар енгізілген. Бараққа, Кеңесбайға, Сүлейменге ,Ақтанға, О, Сарыарқа, Сарыарқа және т.б. өлеңдері жазылған. Поэмасы «Еспенбет», «Шаштараз», осы кітапқа енген.
Бірінші кітап. Өсиетнама. Екінші кітап. Дулат жырау тағылымы.

 

Назад к разделам выставки