Пятница, 29.03.2024, 21:02
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Жаңа кітаптар. Сәуір 2016.

Құрметті оқырмандар! Ұрпақтар сабақтастығын үзбейтін құндылығымыз - кітап екені баршамызға белгілі. Қалалық кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға назар аударыңыздар!

 

Төлепберген, Б.  Біз осы не бітіріп жүрміз? [Мәтін]: публицистикалық толғаулар мен мақалалар / Б. Төлепберген. - Алматы: Сөздік – Словарь, 2015. - 279 бет. - («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы).

ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Біз осы не бітіріп жүрміз?» кітабы публицистикалық еңбегі ұлтымыздың кешегісі мен бүгінгісіне арналған. Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы алатын орны мен тәуелсіздік толғауы – қазіргі әлеуметтік болмыс пен санадағы ұлттық идея арақатынасын зерделеген. Сонымен қатар, қазақтың ортақ құндылық бастауын жасау және жас ұрпақ бойына отансүйгіштікті сіңіру мәселелері аталаған еңбекте жан-жақты көрініс тапқан.Автордың тілі жатық, ойы түсінікті, қаламгерлік қарымы айшықты.

Кітап көпшілік қауымға арналған.

 

Ұлт рухы [Мәтін]: қанатты сөздер / құраст. Е. Зәңгіров. - Алматы: В, 2015. - 159 бет.

Бұл кітапқа  Бөкейханов Ә, Байтұрсынов А, Рысқұлов Т, Аймауытов Ж., т.б. Алаш қайраткерлерінің афоризмдері Отан, Ел, Тіл, Діл, Жер, Шекара, Білім Патриотизм туралы айтқан қанатты сөздері топтастырылған. Алаш қайраткерлерін ұлықтау, ол – Тәуелсіздігімізді асқақтатумен бірдей . Көпшілік оқырмандар  қауымға арналған кітап.

 

 

Өрнек жолы: қазақтың ұлттық өрнектері негізінде = Путь орнамента: на материалах каз. нац. орнамента = Ornament`s way [Мәтін] / құраст. Г. А. Капекова. - Алматы: Асыл сөз, 2015. - 239 бет: сурет.

«Өрнек жолы» кітабында  жаратылыстың көп құпиясы, ұлттық құндылықтар, діни ұстанымдар, тіпті, қоғамдық қалыптық мәңгілік категориялары осы ою-өрнектерде бейнеленген. Қазақтың ұлттық өнері – дәуірлер мен ғасырлардың қолтаңбасы іспетті шеті мен шегі белгісіз дара шығармашылық әлем. Кітап үш тілде қазақша,орысша, ағылшынша көпшілік оқырман қауымға жазылған,сондай-ақ қазақтың қолданбалы-декоративтік өнерінің сыр-сипаты, тарихына қызығушылық танытушыларға арналған.

 

Ұзақбаев, Б.  Ерлікті сүйген ел нұрлы [Мәтін]: фотоальбом / Б. Ұзақбаев. - Алматы. ARNA-B, 2015. - 214,[1] бет: сурет.

«Ерлікті сүйген ел нұрлы» деген атпен шығып жатқан осы кітап-альбом соғыс ардагерлеріне деген ерекше құрметіміздің олардың алдында тарихымызды өтеудің, бір көрінісі. Кітап-фотоальбомда  ардагерлердің мерейтойлық суреттері, ерлікке қойылған ескерткіштері, Жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған. Көпшілік қауымға арналған кітап.

 

 

Бабадан қалған асыл сөз [Мәтін]: қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері / құраст. А. Акишев. - Алматы. Раритет, 2015. - 199 бет: сурет.

«Бабадан қалған асыл сөз» жинақ кітабынан ұлтымыздың бірегей  ұлы тұлғалардың даналық ойларын, қанатты сөздері – елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісін, теңеусіз бай қазынасын біле аласыз.Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хроникалық тұрғыдан топтастырылған. Ата-баба өсиетіне ден қойған әрбір оқырман өз қалауын табады деген үміттеміз.

 

Қазақстан – қарашаңырағым [Мәтін]: фотоальбом / құраст. С. Құсайынов. - Алматы: ARNA-B, 2015. - 205, [1] бет: сурет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің, қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты және берік іргетасы. Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктері ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. 21 ғасырдың ең басты заңы – татулық! «Қазақстан-қарашаңырақ» фотоальбомы Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдық мерейтойына арналған кітап. Кітапқұмар қалың оқырманға арналған фотоальбом.

Келіңіздер! Оқыңыздар!