Вторник, 23.04.2024, 21:30
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Жаңа кітап - 2016

                                              Құрметті оқырмандар!

                 ТАНЫСЫҢЫЗ: Жаңа кітап, жаңа сыр

Орталық қалалық кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты. 

 Кітапхана – кітаптар қоры. Қоғамның өсіп өркендеуі, адамзаттың өсуі кітаппен тығыз байланысты. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихымен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптің еншісінде . Қазіргі таңда кітапханалар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени, тарихи, ғылыми құндылықтардың ордасын құрайтын қасиетті мекеме.

Жаңа кітаптарға назар аударыңыздар оқудан қол үзбеңіздер!

 Бектемісов, А. Жүрек жылуы [Мәтін]: естелік-эсселер, публицистикалық ой-толғамдар мен өлеңдер / А. Бектемесов. – Алматы: Айғаным, 2015. – 280, [4] бет.

Кітап желтоқсан зерттеушілерге, көпшілік оқырмандарға арналған.

Көпке танымал қаламгер-журналист Асқарбек Бектемісовтің бұл жинағына Тәуелсіздік жайлы ой-толғамдары, естелік-эсселері, өлең-жырлары, киелі Торғай өңірінің тарихы, азаматтары жайлы мақала, очерктері еніп отыр.

Кітаптың ел болашағы – жастар үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор болары даусыз.

 Сыдықов, Ұ. Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік [Мәтін]: мақалалар / Ұ. Сыдықов. – Алматы: Дәстүр, 2015. – 287 бет.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұ.Е. Сыдықовтың бұл кітабында соңғы жылдары баспасөзде жарияланған ғылыми- публистикалық мақалалары топтастырылған. Мақалалардың негізгі өзегі – жаһандау үдерісінің барлық елдер мен халықтарға ықпалы барған сайын артып отырған жағдайда, еліміздің әлемдік ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатқан бүгінгі заманда ұлттық болмысымызды әспеттеп, ұлттық рухымызды асқақтатып, дүние таныған Мәңгілік Ел болудың қам-қарекеті жөніндегі мәселелер.

Айтары мол, көңілге қонымды, оқуға жеңіл бұл кітап қоғам проблемаларын зерттеушілерге, студенттер мен магистранттарға, бүкіл оқушы қауымға арналған.

  Отан үшін отқа түскен судьялар=Судьи-защитники Отечества [Мәтін]: – Көкшетау, 2015. – 159 бет.

Кітапта Ақмола және бұрыңғы Көкшетау облысының Ұлы Отан соғысына қатысқан судьялар туралы очерктер жинақталған.Жоғары сынып оқушылары мен студент жастарға, сонымен қатар тарихшылар, құқықтанушылар мен қазақ елінің тарихын білгісі келетін көпшілік оқырманға арналады.

 Ержанова, С. Сөз мәдениеті және көркем мәтін [Мәтін] / С. Ержанова. – Алматы: Дәстүр, 2015. – 230 бет.

Сөз мәдениеті және көркем мәтін оқу құралы шешендік сөздің қуатын арттыратын көркем мәтін, тілдік құралдар, дидактикалық сипаттағы ақыл, нақыл сөздер таным процесі мен терең ойлаудың айқын жемісі екендігін көрсетеді. Шешендердің сөйлеу мәнерін, сөйлеу түрлерін, шешен бейнесін талдаудан туындаған шешендік сөз тағылымы кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде өзекті мәселе болып табылады.

Кітап зерттеушілерге, студенттер мен магистранттарға, бүкіл оқушы қауымға арналған.

 Жүз жиырма тұңғыш [Мәтін]: 1-том / құраст. Бексұлтан Нұржеке-ұлы. – Алматы: Жалын, 2015. – 380, [3] бет.

Бұл жинақ – қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақ ұл-қыздары туралы жинақ. Көпшілік қауымға арналған

Кітапханаға келіңіздер, көріңіздер, алыңыздар!