СТЕПНОГОР
Арқаның төрінде тұрағы,
Жарқырап нұр шашқан шырағы.
Степногор жаңарған жас шаһар,
Биікке өркендеу ұраны.
Степногор бақ қалам,
Өзіңмен мақтанам.
Елімнің тасытып байлығын,
Сенімін жұртымның ақтаған!
Ақсу мен Сілеті бұлағым,
Өзіңсің жас қалам жыр-әнім.
Алтын мен ураның тасыған,
Биікке ұмтылған қыраның.
Жасарған жыл сайын келбетің,
Сарыарқа жайнатқан жер бетін.
Бестөбе, Шаңтөбе кенішің
Даңқыңды асырып тербесін.
Орманды, жазықты далаң бар,
Сәулетті, көрікті қалам бар.
Степногор Ақмола жұлдызы,
Көркіне көз тоймас, қараңдар!
10.06.2011
ЕЛБАСЫМ!
Баға жетпес асылға,
Еңбегі ұлы атқарған.
Бар даналық, ақыл да,
Өзіңізден басталған.
Бала біткен жыр қылған,
Бізге үлгі өнегең.
Елбасымыз Нұрсұлтан,
Әлем білген көреген.
Жарасқан сөз мақтаса,
Абыройы өрлеген.
Күндіз тыным таппаса,
Түнде ұйқы көрмеген.
Күндей көсем кемеңгер,
Қиындықты жығысқан.
Қазақ халқын әлемге,
Танытам деп тырысқан.
Елбасымыз бастаса,
Рас елі қолдасы.
Елордамыз Астана,
Елбасымның ордасы.
Масайрамай қайтер ек,
Жүзеге асса кең ойы.
Көкке ұмтылған Бәйтерек,
Қазағымның мерейі!
Нұр-атаны таныған,
Әлем жырға қосады.
Қазақ елін дамыған,
Елу елге қосады!
***
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 20 ЖЫЛ
Балапан бүркіт жиырмаға келді қомданып,
Тілеуін беріп Алланың өзі оңғарып.
Бұғауда емес, қапаста емес – еркін құс,
Таңырқап отыр кәрі арландар тамсанып.
Көгінде ұшқан қанаты кеңге жайылып,
Балапан бүркіт күйіне қара, жайын ұқ.
Құздардан асып, балағын мұзға батырды,
Кеткені де жоқ жүрегі оқтан шайылып.
Тұғырту үшін торға әкеп бұрын байлады,
Балапан бүркіт тәуелсіздікті ойлады.
Бұлқынып шығып бұғауды үзді тоқтамсыз,
Еркіндігімнің бұзылмасын деп қаймағы.
Тордан да шықты, ордан да шықты тыйылмай,
Кетсе де күні әдіра қалып қиындай.
Әкеден қалған, шешеден қалған күшпенен,
Қуаты артты өлімнен күшті құйындай.
Жиырмада биыл, толысар әлі жетіліп,
Балапан қалпы биікке шықты секіріп.
Қанатына алды қорғансыз қалған қарғаны,
Тұғырына кеп атадан қалған бекініп.
Тәуелсіз елім, тәуелсіз қыран егізім,
Егемендіктің қалаған жастар негізін.
Желтоқсанда да қыңбады қайран ерлерім,
Қалдырды артта намыстың сондай семізін.
Жиырма жыл өтті сонан да бергі заманда,
Тәуелсіздіктің шапағы тиді адамға.
Арманға жеттік бабамыз аңсап, көксеген,
Қуанам бүгін, қаунсын бабам, балам да.
20. 01. 2011.
***
АҚ АЗИАДА
Қазақ елі бүгін қайта түледі,
Астанамды бүкіл әлем біледі.
Жаңаруға жаңа қадам тастадық,
Ел деп соққа Елбасымның жүрегі.
Дағдарысты ауыздықтап табанды,
Бұза шауып өрге өрледік қамалды.
Қазақстан көшбасшысы аймақтың,
Барыстығын бүкіл әлем тән алды.
Жаңа қадам спортта да тасталды,
Азиада Отанымда басталды.
Қуат алдық алауынан жалынды,
Бағындырдық жүлде алып асқарды.
Астана мен Алматыда жарыстар,
Жалғасуда жақындасып алыстар.
Медеу менен Шымбұлаққа қарайды,
Алатаудан аппақ-аппақ барыстар.
Сарапталып небір дода жүлделер,
Жылдам, епті медаль алып үлгерер.
Спорт, достық екеуінде шектеу жоқ,
Жүйрік келмей тау шаңғыда кім келер.
Ел намысы спортта да талқылы,
Сол мадақты көп болғанда алтыны.
Қазақ үшін мұның бәрі абырой,
Нұрын шашқан Азиада жарқылы.
20. 01. 2011.
ТУҒАН ЖЕРІМ ТАМДЫМ!
Туған жер, сенен өткен бар ма өлке,
Сен көркем үлгі болған өлкелерге.
Күнім де, түнім де сен, айналайын,
Сен едің шақырған да өрге, төрге.
Туған жерім Тамдым,
Мен өзіңде жандым.
Жер жұмағы өзің,
Қойнауың кен, алтын!
Туған жер, кіндік қаным тамған саған,
Кім болам арман тін боп жалғанбасам.
Сен менен барын күттің кереметтің,
Мен саған жыр арнадым жолданбаған.
Өтеуім қиын сенің әлпешіңді,
Жер бар ма қызылқұмдай өлке сынды!
Тау да бар, ақ шағыл да, бұлағы да,
Шөптері шалғындағы көрпе сынды.
Кеурегі, сексеуілі өлеңдеткен,
Селеулі жусандығым кең ең неткен.
Ақ шағыл табаныма мамық болған,
Сен ыстық болушы едің менен де өткен.
Қайран-ай, сол бір күндер жырақтады,
Түйе өрген белдер қайда құмақтағы.
Аспаны қалықтатса ақсарысын,
Қия алмай қаракөзім жылап қалды.
31.05.2011
***