Кітапхана – қаладағы қажетті бар ақпаратты таба алатын, мәдени және рухани құндылықтар орталығы.
1980 жылы сәуір айында жүйенің барлық кітапханаларында орталықтандыру жұмыстары жүргізілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің алғашқы басшысы болып Г. И. Шипинская тағайындалды. Ал, 1985 – 2009 жылдар аралығында ОКЖ-сін білікті маман, кітапхана ісінің майталманы Н. И. Цедрикова басқарды. 2003 жылдың желтоқсан айында алғашқы компьютер, ал 2004 жылы 8 компьютер, 3 принтер, ксерокс, модем сатып алынды. 2005 жылы кыркүйек айында ОКЖ мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, 2005 жылы Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпаратты жүйе – РАБИС-пен жұмыс істеу мақсатында кітапхана компьтерлері локальды жүйеге қосылды. 2007 жылы әдістемелік-библиографиялық бөлім – кітапханаларды дамыту бөлімі болып ауыстырылды. Ақпараттық технологиялар залында ақпараттық-библиографиялық бөлім құрылды. 2009-2013 жылдары «ОКЖ» ММ жетекшісі Э. Р. Салыкова болды. 2013 жылдан бастап мекемені Р.Қ. Мұхамадиева басқарады. Орталық қалалық және балалар кітапханалары 2015 жылы қараша айында үлгілі кітапханалар мәртебесіне ие болды.
«ОКЖ» ММ басты жетістіктері – бұл мақсатты кешенді бағдарламалар жоспарымен жұмыс істеу: «Содружество культур» 2010 – 2014жж., «Библиотека. Книга. Семья» 2012 – 2014жж., «Асыл бұлақ» 2012 – 2014жж., «Библиотека и национальная культура» 2011 – 2013жж., «Степногорск – территория чтения» 2015-2017 жж., «Библиогород» 2015-2017 жж.
Бүгінгі таңда «ОКЖ» ММ құрамында 12 кітапхана бар:
- Орталық қалалық кітапхана – 1.
- Қалалық балалар кітапханасы – 1.
- Кент кітапханалары – 4 /Бестөбе к., Ақсу к., Заводской к., Шаңтөбе к/.
- Ауыл кітапханалары – 6/Қарабұлақ а., Новокронштадтка а., Изобильное а., Бөгенбай а., Қырыққұдық а., Степногорское а./.
Жүйедегі ең ірі кітапхана – Орталық қалалық кітапхана.
ОҚК 1966 жылдың 15 қазанында ашылды. Кітапхана 3 қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Оның ауданы 2098 м².
Құжат қоры – 216372 дана. Оқырмандар саны – 7671, кітап берілімі – 193387, келушілер саны – 98997.
Кітапханада – 15 шығармашылық қызметкер жұмыс атқарады. Олар әрдайым семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптар, әдістемелік сағаттар, іскерлік ойындар, тренингтер арқылы кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады.
Кітапханада көркем әдебиет залы, көпсалалы әдебиеттер залы, жастар секторы, оқу залы, кітапханаларды дамыту бөлімі, әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі, ақпаратты – библиографиялық бөлім, автоматтандыру бөлімі, «Халықтар достығы» әдеби – музыкалық қонақжай, 250000 бірлікке арналған кітап сақтау және дәріс залы бар.
Кітапханаларды дамыту бөлімі
Кітапханаларды дамыту бөлімі – жүйе кітапханаларына әдістемелік бағыт – бағдар беретін бірден – бір орталық. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, шеберлік сыныптар, әдістемелік сағаттар өткізіледі. М.Жұмабаев атындағы ОӘҒК – да өтетін облыстық семинар-тренингтерге қатысамыз.
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханамен қарым – қатынасымызды үзбей, шығармашылық танысу – экскурсияларына шығамыз. Л. Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Читающая Евразия» халықаралық фестиваліне қатыстық. Байқау үйлестіруші – ҚР ҰАК. Байқау қорытындысы бойынша Степногорск бірінші орынды иеленді. 2013 жылы кітапхана ақын Ф. Онғарсынованың шығармашылығына арналған халықаралық блог байқауына қатысты. «Нағыз форматсыз блог» номинациясында біздің кітапхананың блогы екінші орынды иеленді. 2014 жылы Астана қаласында Ұлттық Академиялық кітапхана жариялаған «Қазақстанның XXI ғасырдағы ең үздік кітапханасы» байқауына белсене атсалыстық. Қазақстанның он үздік кітапханасы қатарына қосылдық. Кітапханашы Саленко Л.В. «Қазақстанның үздік кітапханашысы» байқауында төртінші орынға ие болды. Кітапхананың белсенді оқырманы Тимошенко Н.Г. «Кітапхананың үздік эссесі» байқауында үшінші орынды иеленді.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің қарауындағы «Қоғамдық келісім» ММ жариялаған «Менің Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық жобасына қатыстық. Біздің жоба екінші орын алды. БАҚ-пен жұмыс белсенді жүргізіледі. Жергілікті газеттерге мақала жазу бойынша бірінші орын алдық.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, қалалық фестивальдар мен сайыстарға қатысамыз (Наурыз, Балаларды қорғау күні, Астана күні, Конституция күні және т.б.).
Ақпаратты-библиографиялық бөлім
Ақпаратты – библиографиялық бөлім 2006 жылы құрылған. «РАБИС» бағдарламасында жұмыс атқарады. 12 компьютер локальді жүйеге қосылған. Кітапхананың сайты (www.st-cbs.ucoz.kz) бар. Кітапхана сайтынан жүйе кітапханалары, өткізілетін іс – шаралар, жазушы – мерейтой иегерлеріне арналған виртуалды кітап көрмелері, кітапхананың ақылы қызметтері туралы мәліметтерді алуға болады. Бөлім библиографиялық құралдарды, ұсыныс көрсеткіштерін, дербес жадынамаларды, библиографиялық үндеу парақтарын, жаңа түскен әдебиеттер бюллетенін дайындап, шығарумен айналысады. «Халықтар достығы» әдеби-музыкалық қонақжайы.
Мақсаты: оқырмандардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Мұнда түрлі біріктірілген іс – шаралар өткізіледі. Олар: әдеби – музыкалық және қызықты адамдармен кездесу кештері, оқырман конференциялары, слайд – кештер, мәнерлеп оқу сайысы, акциялар және т.б.
Кітапханада 2015-2016 жж. жаңа клуб бірлестіктері ашылды: «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы екі тілде, «Сырласу» этноклубы, «Пятое измерение» фантастикаға әуесқойлар клубы, «Алтын қалам» жас ақындар клубы, «Ұлағат» отбасылық клуб. 2015 жылы қаланың мектеп оқушылары мен студенттерінің ой-өрісін кеңейту, шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсатында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы құрылды. Зияткерлік клубта қаланың 12 командасы қатысады. Бұл колледждер студенттері мен мектеп оқушылары. Финалда жеңген жеңімпаз топқа клубтың ауыспалы символы – ҮКІ беріліп, оны келесі оқу жылының финалды ойынына дейін сақтап, салтанатты түрде символ келесі жеңімпаз топқа беріледі. Әр түрлі жастағы пайдаланушыларды оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, отбасылық оқуды жетілдіру және ата-ана мен балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Сырласу» этноклубы құрылды. «Сырласу» этноклубы мүшелері кітапханада өткізілген іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Жыл басынан клубта Ж. Жабаевтың 170 жылдығына, Д. Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған «Певцы земли казахской» атты әдеби-сазды кеш, Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – гүл, ана – сезім мен нұр» атты мерекелік кеш өткізілді. Салауатты өмір салтына «К здоровью без лекарств» атты диалог-әңгіме өткізілді. 2016 жылы жасөспірімдерді отандық және шетел фантастикасы арқылы оқуға тарту мақсатында «Пятое измерение» фантастикаға әуесқойлар клубы құрылды. Клуб отырыстарында Сергей Лукьяненко шығармаларын талқылау, Толкиеннің «Властелин колец» романы бойынша видео-ойын өткізіліп, ойын соңында фильм қаралды. «Алтын қалам» жас ақындар клубы аясында «Жүрегіме жігер берген саз әлемі» атты қазақстандық ақын И. Сапарбайдың кітабының тұсаукесері, «Жыраулар поэзиясы» атты көркемдеп оқу кеші, ақын М. Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Шындықтан туған шын поэзия» атты поэзиялық көңіл-хош кеші өткізілді. Отбасылық «Ұлағат» клубында қаланың қызықты адамдарымен кездесу кештері, отбасылық тәрбие туралы кітаптарды талқылау өтеді.
Қала тұрғындарына кітапханада өтетін іс-шаралар, көрмелер туралы теледидар, жергілікті газеттер арқылы хабар береміз. Кітапхана мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, ұлттық – мәдени орталықтармен, мектептермен, колледждермен, лицейлармен, қалалық мұражаймен бірлесе отырып іс-шаралар өткізеді.
Көркем әдебиет залы. Көпсалалы әдебиеттер залы. Жастар секторы. Көпшілікпен жұмыс істеу секторы.
Жаңа жетекші Р.Қ. Мұхамадиеваның келуімен 2014 жылы қызмет көрсету бөлімі жұмысының ұйымдастырылуы қаралды. Оқырмандарға құрмет, сенім арту болып саналатын кітапхана қорларын қол жетімді еттік. Солай көркем әдебиет залы, көпсалалы әдебиеттер залы пайда болды. Көпсалалы әдебиеттер залының қорларын қол жетімді етіп аштық. Қормен жұмыс істеуді қолайлы ету үшін көпсалалы әдебиеттер залы бірнеше қызмет көрсету аймақтарына бөлінді.
- Өлкетану аймағы, оған тарих, экономика, табиғат және экология, туған елдің өнері кіреді.
- Көпсалалы әдебиеттер аймағы.
- Жаратылыс тану-ғылыми және медициналық әдебиеттер.
- Әлеуметті-саяси әдебиеттер.
- Мерзімді басылымдар.
Онда соңғы 5-7 жыл ішіндегі 80 атаулы мерзімді басылымдар қойылған. Барлық газет пен журналдар оқырмандар үшін қол жетімді ашық жерде орналасқан.
- Көркем әдебиеттер залы – оқырмандарымыздың ең сүйікті орны. Бұл жерде тұрып, отырып оқуға болады, сондықтан мұнда жұмсақ креслолар көп.Жуыр арада жоспар бойынша көркем әдебиеттер залы Медиатекаға айналады.
- Жасөспірімдер секторы.
Бұл жерде жасөспірімдер мен жастар мектеп бағдарламасы бойынша және қызықты фантастикалық романдар таба алады.
- Көпшілікпен жұмыс істеу секторы.
Көпшілікпен жұмыс істеу секторының жұмысы оқырмандарды кітапханаға тарту, баспа сөзге сүйіспеншіліктерін дағдыландыру.
Тұтынушылардың құрамы әртүрлі. Олар – студенттер, мектеп оқушылары – 57,5 %, жұмысшылар – 24,4%, зейнеткерлер – 18,1%. Кітапхананың негізгі тұтынушылары – мүгедектер, ҰОС ардагерлері, қарттар. Кітапханада оқырмандарға үйлеріне барып қызмет көрсететін «Книга на дом» атты қайырымдылық қызметі жұмыс атқарады.
Автоматтандыру бөлімі
Кітапхананың шаруашылық процесстерінде қазіргі заманғы ақпаратты технологияларды қолдана және пайдалана отыра жиынтық жұмыстарын жүргізеді. Бөлім қызметкерлері компьютерлік паркті жаңарту және техникалық қызметпен қамтамасыздандырумен, жарнама буклеттер, плакаттар, стендтер, баннерлердің графикалық бөлігін дайындаумен, кітапхананың WEB – сайтын толықтыру және қызмет көрсету, қолдау, әрі қарай дамытумен, РАБИС кітапханалық жүйені автоматандыру қызметін қамтамасыз етуімен айналысады. Бөлім 2015 жылы құрылған.
Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі
Кітапхананың құжат қоры – 216372 дана. Қор білімнің бар саласын құрайды және әмбебап болып келеді. 2016 жылы (5 ай ішінде) – 319 дана жаңа кітап, соның ішінде қазақ тілінде – 162 дана, 282 610 -19 тг. сомасында келіп түсті. Кітапханадағы белсенді сұраныс көзі – мерзімді басылымдар. Кітапхана 56 мерзімді басылымға, оның ішінде қазақ тілінде – 27 данаға жазылды.
Медиатека қоры 1509 дананы құрайды.
Құжат қорын сақтау және толықтыру – кітапхана қызметкерлерінің негізгі міндеті болып табылады.
Миссия Центральной городской библиотеки
Библиотека в городе – это единственный центр культурных и духовных ценностей, где можно получить нужную всем информацию.
Позитив ЦБС – это планирование работы по целевым комплексным программам «Содружество культур» 2010-2014гг., «Библиотека. Книга. Семья» 2012-2014 гг., «Асыл бұлақ» 2012-2014 гг., «Библиотека и национальная культура» 2011-2013 гг., «Степногорск - территория чтения» 2015-2017 гг., «Библиогород» 2015-2017 гг.
В структуре ГУ «ЦБС» - 12 библиотек:
- Центральная городская – 1.
- Детская библиотека города – 1.
- Поселковые библиотеки – 4 /п. Бестобе, п. Кварцитка, п. Заводской, п. Шантобе/.
- Сельские библиотеки – 6 /с. Карабулак, с. Новокронштадтка, с. Кырыккудык, с. Изобильное, с. Степногорское, с. Богембай/.
В ноябре 2015 года Центральная городская библиотека и Городская детская библиотека получили статус модельных.
Самой крупной библиотекой в системе является Центральная городская библиотека. Была открыта 15 октября 1966 года. В апреле 1980 года произошла централизация библиотек. Первым директором Централизованной библиотечной системы г. Степногорска стала Г. И. Шипинская. С 1985 по 2009 год систему возглавляла Н. И. Цедрикова - высокий профессионал, истинный патриот библиотечного дела. Ее многолетний труд отмечен грамотой Президента Республики Казахстан, многочисленными грамотами и благодарностями акимата г. Степногорска, областного управления культуры.
В 1994 году, после слияния с библиотекой Групкома-125, Центральная городская библиотека переехала в здание на центральной площади города. Библиотека расположена в типовом 3-х этажном здании. Занимаемая площадь библиотеки – 2098 кв.м.
В 2003 году в декабре месяце библиотека приобрела свой первый компьютер, а уже в 2004 году в библиотеке было 8 компьютеров, 3 принтера, ксерокс, модем для выхода в Интернет.
В 2005 году ЦБС получила статус Государственного учреждения. Приобретена программа РАБИС. Компьютеры объединены в локальную сеть. Началось создание электронного каталога библиотеки.
В 2009-2013 годах Централизованную систему возглавляла Э. Р. Салыкова.
С 2013 года библиотечной системой руководит Р. К. Мухамадиева.
Документный фонд библиотеки – 216 372 экз. Число читателей – 7 671, книговыдача – 193 387, посещения – 98 997.
В библиотеке работает – 22 творческих работника, которые постоянно занимаются повышением квалификации через семинары, круглые столы, мастер-классы, методические часы, конкурсы профмастерства, деловые игры, тренинги.
Библиотека имеет: зал художественной литературы, сектор юношества, зал отраслевой литературы, читальный зал, отдел развития библиотек, отдел комплектования и обработки литературы, информационно-библиографический отдел, отдел автоматизации, литературно-музыкальная гостиная «Дружба народов», книгохранение на 250 000 единиц, лекционный зал.
Отдел развития библиотек
Отдел развития библиотек – методический координирующий центр для библиотек. С целью повышения самообразования, профмастерства для работников проводятся круглые столы, деловые игры, мастер-классы, метод. часы. Посещаем областные семинары-тренинги» на базе АОУНБ им. М.Жумабаева.
С НАБ РК постоянно сотрудничаем, выезжаем на творческие экскурсии-знакомства. Участвовали в Международном фестивале научно-исследовательских и творческих проектов «Читающая Евразия», посвященном 100-летию со дня рождения Льва Гумилева. Координатор конкурса – НАБ РК. По итогам конкурса Степногорск занял первое место. В 2013 году библиотека участвовала в международном конкурсе блогов, посвященный творчеству поэтессы Ф. Онгарсыновой. Блог нашей библиотеки занял второе место в номинации «Самый неформатный блог». В 2014 году принимали активное участие в конкурсе «Лучшая библиотека Казахстана в XXI века», объявленной Национальной Академической библиотекой г. Астаны. Вошла в десятку лучших библиотек Казахстана. Библиотекарь Саленко Л.В. в конкурсе «Лучший библиотекарь Казахстана» заняла 4 место. Активный читатель библиотеки Тимошенко Н.Г. в конкурсе «Лучшее эссе библиотеки» заняла 3 место. В 2015 году приняли участие в Республиканском конкурсе культурно-просветительского проекта «Мой Чокан», объявленном ГУ «Қоғамдық келісім» при Президенте Республики Казахстан. Наш проект занял второе место.
Активная работа по медиаплану СМИ. Заняли первое место по написанию статей в местные газеты. Принимаем участие в городских фестивалях и конкурсах совместно с отделом культуры и развития языков (Наурыз, День защиты детей, День славянской письменности и культуры, День Столицы РК, День Конституции РК и др.)
Информационно-библиографический отдел
Отдел информационно-библиографический создан в 2006 году. Ведет работу в программе «РАБИС», в локальную сеть объединены 15 компьютеров, создаются электронные Базы данных по актуальным темам, имеется сайт библиотеки: www.st-cbs.ucoz.kz. На сайте можно найти краткие сведения о библиотеках системы, анонсы мероприятия, виртуальные выставки о писателях-юбилярах, сведения о платных услугах и др. Отдел занимается изданием библиографических пособий, рекомендательных указателей, персональных памяток, библиографических листовок, бюллетеней новых поступлений.
Литературно-музыкальная гостиная «Дружба народов»
Цель гостиной: формирование духовной культуры читателей. Здесь проводятся различные комплексные мероприятия: литературно – музыкальные вечера, встречи с интересными людьми, читательские конференции, слайд – вечера, конкурсы выразительного чтения, акции и др. Литературно-музыкальная гостиная «Дружба народов» создана 2016 году.
На базе библиотеки в 2015-2016 гг. открыли работу новые клубные объединения: интеллектуальный клуб «Что? Где? Когда?» на 2-х языках, этноклуб «Сырласу», клуб любителей фантастики «Пятое измерение», клуб молодых поэтов «Алтын қалам - Золотое перо», семейный клуб «Ұлағат». В 2015 году с целью раскрытия интеллектуального потенциала и расширение кругозора студентов и школьников города создан интеллектуальный клуб «Что? Где? Когда?». В интеллектуальном клубе принимают участие 12 команд города. Это студенты колледжей и учащиеся школ. Команда, выигравшая финал игры получает переходящий символ клуба – СОВУ и хранит его до финала игры следующего учебного года, где торжественно передает символ команде победительнице. С целью прививать и развивать у пользователей разных возрастов интерес к чтению, возродить семейные чтения и организовать культурный досуг родителей и детей создан этноклуб «Сырласу». Члены этноклуба «Сырласу» активные участники мероприятий, проводимых в библиотеке. С начало года проведены в клубе лит-музыкальный вечер «Певцы земли казахской», посвященный 170-летию Ж. Жабаева, 155-летию Д. Нурпеисовой. К Международному женскому дню проведен праздничный вечер «Ана-гүл, ана – сезім мен нұр». С целью популяризации здорового образа жизни проведена беседа-диалог «К здоровью без лекарств». В 2016 году с целью приобщить подростков к чтению через произведения отечественной и зарубежной фантастики был создан подростковый клуб любителей фантастики «Пятое измерение». В клубе прошли обсуждение произведений Сергея Лукьяненко, видео-игра по роману Толкиена «Властелин колец», где после игры был просмотр фильма. В заседаниях клуба молодых поэтов «Алтын қалам – Золотое перо» прошли презентация книги казахстанского поэта И. Сапарбая «Жүрегіме жігер берген саз әлемі», вечер художесвенного чтения «Жыраулар поэзиясы», вечер поэтического настроения «Шындықтан туған шын поэзия» /к 85-летию поэта М. Макатаева/. В семейном клубе «Ұлағат» проходят встречи с интересными людьми города, обсуждения книг по семейному воспитанию.
Жители города оповещаются о проводимых мероприятиях, организуемых выставках через местные газеты, телевидение, сайт библиотеки, социальные сети. Библиотека координирует проведение мероприятий с различными организациями: отделом культуры и развития языков, национально-культурными центрами, школами, колледжами, лицеями города, городским музеем, общественностью.
Зал художественной литературы. Зал отраслевой литературы. Сектор юношества. Сектор массовой работы.
С приходом нового руководителя Мухамадиевой Р.К в 2014 году. была пересмотрена организация работы отдела обслуживания. Сделали доступными фонды библиотеки, что считается выражением доверия, уважения читателям. Так появились зал художественной литературы, зал отраслевой литературы. В зале отраслевой литературы открыли доступ к фондам. Для удобства работы с фондом в зале отраслевой литературы выделено несколько зон обслуживания.
- Зона краеведения, куда входит литература по истории, экономическому, социально-правовому развитию, природе и экологии, искусству родного края.
- Зона отраслевой литературы.
- Фонд естественно-научной и медицинской литературы.
- Фонд социально-политической литературы.
- Зона периодики, где представлены 80 наименований периодических изданий за последние 5-7 лет. Все газеты и журналы находятся на открытом для читателей доступе, что обеспечивает свободный подход к прессе и самостоятельный выбор любого издания.
- Зал художественной литературы – одно из любимейших мест наших читателей. Если в зал отраслевой чаще ходят по необходимости, то в зал художественной литературы – по зову души. Здесь можно читать стоя, сидя, потому здесь больше мягких кресел, располагающих к чтению. В ближашее время по плану зал художественной литературы плавно перейдет в Медиатеку, где будут представлены фильмы и телепередачи.
- Сектор юношества.
Здесь подростки, молодежь найдут художественную литературу по школьной программе и увлекательные фантастические и приключенческие романы.
- Сектор массовой работы.
Работа сектора массовой работы направлена на привлечение читателей в библиотеку, привитие любви к печатному слову.
Контингент пользователей разнообразен: студенты, учащиеся школ составляют – 57,5%, работающие – 24,4%, пенсионеры, домохозяйки – 18,1%.
Приоритетная для библиотеки категория пользователей – инвалиды, ветераны войны, пожилые люди. В библиотеке функционирует Служба милосердия «Книга на дом», которая обслуживает этих читателей на дому.
Отдел автоматизации
Осуществляет комплекс работ, связанных с освоением, адаптацией, внедрением и использованием современных информационных технологий в производственных процессах библиотеки. Сотрудники отдела занимаются обеспечением технического обслуживания и модернизацией компьютерного парка, созданием графической части рекламных буклетов, плакатов, стендов, баннеров, поддержкой, обслуживанием, продвижением и наполнением WEB-сайта библиотеки, обеспечением функционирования автоматизированной библиотечной системы РАБИС. Отдел создан в 2015 году.
Отдел комплектования и обработки литературы
Документный фонд библиотеки составляет 216372 экз. Фонд является универсальным и включает документы по всем отраслям знаний.
В 2016 году (за 5 месяцев) поступило новых книг – 319 экз., в т.ч. на каз.языке – 162 экз. на сумму – 282 610-19 тг.
Одним из активных источников выполнения запросов читателей является периодика. Библиотека выписывает 56 наименования периодических изданий /27 на каз. яз.
Фонд медиатеки составляет – 1509 экз.
Сохранение, пополнение документного фонда – предмет постоянной заботы и внимания наших сотрудников.