Адамбаев, Б. Қазақ шешендері [Мәтін] / Б. Адамбаев. - Алматы: Білім, 2014. - 319 бет.
Белгілі қаламгер Балтабай Адамбаев қазақ әдебиетінің тарихын зерделеуге үлес қосқан танымал ғалым. »Қазақ шешендері» деген кітапты оқырманға ұсынып отыр. Оқырман қауым бұл кітаптан қазақ тарихында аттары аңызға айналған әйгілі билер мен орақ тілді шешендермен таныса біледі. Кітапқұмар қалың оқырманға арналған
Ақжол [Мәтін]: көптомдық. 1-том / құраст. Есенқарақызы Х. - Алматы: ҚазАқпарат. 2015. - 379 бет.
«Ақжол» газетінің мақалаларынан құралған «Ақжол» кітабы саналы оқырман қауымға берері мол,арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселелер турасындағы алаш зиялыларының өткір ойлары қызықтырып оқыған адамды ойландырмай қоймайды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Сұлтанов, Қ. Елбасы және Қазақ мемлекеттігі [Мәтін] / Қ. Сұлтанов. - Алматы: Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы, 2015. - 486, [1] бет + [12] бет фотосурет.
ҚР Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов жылдар желісінде жазылған. «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» атты мазмұнды кітабында Елбасы Н.Назарбаевтың бейбіт әрі жасампаздық жолымен ешкімнің құқын шектемей, Қазақ елінің әлемдік дәрежеде өсіп- өркендеу жетістіктері мен жаңа дәуірдегі мемелекетіміздің мақсат-мүдделерін арқау етеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға екі тілде арналған.
Әлемдік және ұлттық спорт ойындары [Мәтін]: энциклопедия / құраст. М. Құлкенов. - Алматы: Мерекенің баспалар үйі, 2014. - 269, [2] бет: сурет.
«Әлемдік және ұлттық спорт ойындары» атты - Энциклопедия жинағында балалар мен жасөспірімдерді спортты сүюге баулитын әлемдік спорт ойындарының түрлері мен қазақ ұлттық спорт ойындары туралы қысқаша мақалалар мен суреттер берілген. Олимпиада ойындарының қай жылы, қай елде, қай қалада өткендігі туралы анықтамалық және әйгілі спортшылар туралы қызықты деректер бар. Оқырман қауымға арналған.
Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Мәтін] / Ы. Маманов. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638, [1] бет. - (Қазақ тіл білімінің антологиясы).
Маманов Ы. дара тұлғалардың санатына қосылатын ғалым-ұстаз. Қазақ тіл танымында грамматикалық ойлаудың өрістенуіне,морфологиялық ілімнің дамуына үлес қосқан зерттеуші Мамановтың артында қалдырған құнарлы мұрасы мол. Қазақ тілі грамматикасының теориялық және практикалық мәселелерін заманауи тұрғыдан жан-жақты қарастырған Ы.Маманов еңбегі тілші ғалымдарға және көпшілік тіл жанашырларына арналған.
Кеңесбаев, І. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Мәтін] / І. Кеңесбаев.- Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638, [1] бет. - (Қазақ тіл білімінің антологиясы).
Аты - әлемге мәшһүр түркітанушы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев (1907-1995) Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қаласқан құрылтайшы ғалым,отандық тіл білімінің қалыптасуына айрықша үлес қосқан алдыңғы толқын зерттеушілердің бірі. Ғалымның қазақ фразеологиясын зерттеуге қосқан үлесі қандай зор болса,тіліміздің фонетикасы мен фонологиясын зерделеудегі еңбегі де сондай ересен.Жинаққа енген еңбектер бүгінгі таңда да өзінің ғылыми құндылығын жойған жоқ, қайта қажеттілігін танытып отыр. Көпшілік қауымға арналған.
Мұсабаев, Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Мәтін] / Ғ. Мұсабаев. - Алматы: Абзал-Ай, 2014. - 638, [1] бет. - (Қазақ тіл білімінің антологиясы).
Көрнекті тілші ғалым Мұсабаев Ғ. (1907-1981) қазақ тілі білімінің тарихи лексикология саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Мұсабаев ғалымның тіл тарихы жинағында,лексикология мен морфология, әдеби тіл мен диалектология мәселелеріне арналған басты-басты зерттеу еңбектері және ғылыми мақалалары топтастырылып отыр.Оқырман қауымға арналған.
Оразбай, С. Шығармалары [Мәтін]: 2 томдық. 1-том. Өмірдің өзі-театр. Эсселер, естеліктер, ой-толғамдар / С. Оразбай. - Алматы: АRNA-B, 2014. - 318, [1] бет + [48] бет фотосурет.
Сәбит Оразбай Қазақстанның халық әртісі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,сахна саңлағы. Бұл 2- томдық кітабына эсселер, естеліктер, ой-толғамдар енгізіп отыр. Қазақ театры мен кино өнері тарландарының сахна сыртындағы әзіл-оспағын, тетрдан тыс тіршілігін, қарапайым өмірдегі әртүрлі қызық оқиғаларын және өнер жайындағы өз ой-толғамын арқау етеді. Автордың әңгімелері оқырмандардың ыстық ықыласына бөлінеді.