Тәшенов, Т. Тәуелсіз елдің талайы / Төреғали Тәшенов. –
Алматы: Қазығурт, 2012. – 304б. – (Тәуелсіздік толғауы)
ҚР Мәдениет қайраткері, танымал
журналист Төреғали Тәшеновтің бұл жинағына ойтолғаулары, көзқарастары,
журналистік жазбалары, жолсапарлар, ел мен жер тарихы, ұлт руханияты туралы әр
жылдары жазылған публицистикалық мақалалары топтастырылған, Тәуелсіздік
жылдарындағы ел өмірінің әр түрлі саласындағы қиын да күрделі кезеңдер, табыс
пен жарыс, құлдырау мен шарықтау кезендері жатық тілмен суреттеледі.
Кітап ОҚК абонементінде
орналасқан.
Асанәлі Әшімов [Мәтін]: фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2012.
– 320б.- (Халық перзенті)
Өз биігіне жеткен, бүгінде ел
ардақтаған азаматтың – бал дәурен балалығы, студенттік шақтағы ізденісі,
актерлік жолындағы шығармашылық өрлеу кезеңдері, отбасы және қоғамдағы
әріптестері, сырлас достары, театр, кино сынды көркем дүниенің есте қаларлық,
ескерткіш боларлық ғажайып көріністері мен бейнелі сәттерінің сырға толы суреттері қамтылған бұл фотоальбом
– өнер адамының әр жылдар еншісіндегі сұнғыла жеңісінің жетелі жемісі.
Кітап ОҚК абонемен және оқу
залында орналасқан.
Хан Кене [Мәтін]: тарихи жырлар, толғаулар, дастандар,
пьеса мен деректі баяндар / Құраст. С.Дәуітов. – Алматы: Ана тілі, 2012. – 424 б.
– (Меретойлық әдебиет)
Жинаққа қазақ халқының қаһарман ханы, ұлт азаттық көтерілісінің аса білікті жетекшісі, қаһарлы Кенесары Қасымұлы жайлы өлең-жырлар, толғаулар, дастандар, пьеса мен деректі тарихи баяндар топтастырылып берілді.Бұл туындыларда аты аңызға айналған, ел азаттығы үшін арыстандай алысқан Кенесары ханнаң ерлігі мен ел бастаған ерен істері, күрескердің рухы жан-жақты суреттеледі. Кенесары ханның 210 жылдығына орай ұсынылып отырған бұл меретойлық жинақтың көпшілік көңілінен шығарына сеніміміз мол.
Кітап ОҚК абонементінде орналасқан.Шаханов, М. Ғашықтық ғаламаты [Мәтін]: өлендер,
балладалар, поэмалар / Мұхтар Шаханов. – Алматы: Өнер, 2012. – 480 б.
Поэзиясы ЮНЕСКО әлемдік
поэзияның осы замандық жетістігі ретінде
бағаланған, есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, еліміздегі
көзі тірі ақындар арасында өлендері ең көп жатқа оқылатын ақын Мұхтар
Шахановтың бұл жинағына әр кезенде жазылған өлен-жырлары, балладалары,
поэмалары енді.
Кітап ОҚК абонементінде
орналасқан.
Елшібек, Ж. Сырлы әлем [Мәтін]: әдеби портреттер,
эсселер, және мөлтек әңгімелер / Жанат Елшібек. – Алматы: Ана тілі, 2012. –
320б.
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Жанат Елшібектің оқырмандар назарына ұсынып отырған «Сырлы әлем» атты жаңа жинағы үш бөлімнен тұрады. Тақырып аясы жағынан өзара сабақтас та үндес алғашқы екеуіне есімдері елімізге әйгілі сөз зергерлері мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық әлемі хақында сыр тербеп, ой толғайтын әдеби портреттері, көркем эсселері топтастырылған.Белгілі қаламгердің айшықты қолтаңбасын даралайтың бұл туындылардың қай-қайсысы да өзіндік жазу мәнер-машығымен, танымдық қызықты дерегімен, сезім пернесін шертер шырайлы сипаттарымен көніл аудартады. Ал үшінші бөлімдегі мөлтек әңгімелерге сөз сиқырың қастерлеген ақын-жазушылардың ұтқыр ойлары, астарлы әзіл-калжындары өзек болады.
Кітап ОҚК абонементінде
орналасқан.
Мәмесейіт Т. Таудан мен жаратылғам [Мәтін]: хиқаяттар /
Тұрлыбек Мәмесейіт. – Алматы: Аң Арыс, 2012. – 320 б. – (Проза. Жаңа әдебиеті)
Белгілі жазушы, Жамбыл атындағы Халықаралық және Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты Тұрлыбек Мәмесейіт – ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар қаламгер. Проза мен саласында қатар тер төгіп келе жатқан ол көптеген әңгімелер мен повестердің, романдардың, сыни зерттеу еңбектерінің авторы.Жазу мәнері ешкімге ұқсамайтың, өзіндік өрнегі айшықталған қаламгер шығармаларында туған өлке, тұмса табиғат, адамзат пен жаратылыстың арақатынасы нәзік иірімдермен өрнектеледі. Ұлы табиғаттың тылсым сырлары мен төсын құбылыстарының адам болмысына тигізер әсері жүрек шымырлата өріледі. Қаламгер шығармашылығының өзіне тән ерекшелігі де осы тау табиғатының тамылжыған көріністерін адам тағдырымен, көніл-күйімен астастырып суреттеу шеберлігінде жатса керек.
Кітап ОҚК абонементінде
орналасқан.
Жанбаев, П. Жыр-жаңбыр [Мәтін]: өлендер топтамасы / Полатбек Жанбаев. – Степногорск, 2012. – 100б.
Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Полатбек Жанбаевтың бұл өлеңдер жинағы қалың оқырманға арналған. Ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында жарық көрген шығарма.Автор жайлы айтар болсақ, Полатбек Тілләбайұлы Жанбаев 2005 жылдан «Степногорск ақшамы» газетінде еңбек етуде, қазір осы газеттің редакторы. П.Жанбаевтың жеке және ұжымдық авторлар топтамасында кітаптары жарық көрген. 2001 жылы Ташкент шаһарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген Халықаралық журналистер байқауында жүлделі 3-орынды иеленген. 1980 жылдан бері өлең жазумен айналысатын қаламгер қазір кемелдене түскен шағында. Ол проза, паэзия, сатира саласында өнімді қалам тартып жүр.
Кітап ОҚК абонементінде
орналасқан.
Омар, А. Талисман
Тенгри [Текст] / Асель Омар. – Алматы: Қазығұрт, 2012. – 304с. – (Проза. Жаңа
заман әдебиеті)
Асель Омар – член Союза
писателей Казахстана, Русского ПЕН-Центра, Союза писателей Москвы, кандидат
философских наук. В новую книгу «Талисман Тенгри» вошли рассказы, основанные на
сплаве стилизации древнетюркской мифологии и политической истории, плавно
перетекающие и переплетающиеся с мифологией и историей нашей страны в ХХ веке.
Рассказы этого цикла многослойны, созданы на границах мистического реализма и
криптоистории.
Местонахождение: абонемент ЦГБ.
Караманулы, К Кладоискатели [Текст]: повести, рассказы. / Курмангазы Караманулы. – Алматы: Өнер, 2012. – 520 с. – (Үркер)
В сборник известного писателя,
лауреата Международной литературной премии «Алаш» включены лучшие его повести и
миниатюрные рассказы, тепло встреченные
в свое время читателями и литературной критикой. В повести «Одинокий всадник»
автор рассказывает о крутых изменениях в жизни казахского народа, произошедших
в двадцатых годах ХХ века, о поруганных судьбах его сыновей и дочерей, не
принявших новые порядки. В повестях «Кладоискатели», «...И луна тому
свидетель», «Дикая кошка» автор повествует о разных испытаниях, пришедших на
долю своих современников. Миниатюрные рассказы посвящены различным аспектам
жизни сельских и городских жителей.
Местонахождение:
абонемент ЦГБ